«Оқытудың озық әдіс- тәсілдері арқылы шығармашыл, құзыретті жеке тұлға қалыптастыру» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні әдістемелік бірлестігінің айлығының қорытындысы
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамыту жолдарының жобасы ұсынылады.
Айлықтың іс-шара жоспары алдын-ала жоспарланып бекітілді. Айлық барысында әдістемелік бірлестік мұғалімдері ашық сабақтар , сыныптан тыс іс-шаралар (әдеби-танымдық кеш,коучинг,шеберлік сыныптар) өткізді. Атап айтар болсақ: 5-11 сыныптарда қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытылу сапасын зерделеу, қазақ тілі мен әдебиеті пәндеріне 5-ші, 10-шы сынып оқушыларының бейімделуінің жағдайын зерделеу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5-11 сыныптар аралығында бақылау жұмыстарын алу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша дарынды балалармен жұмыс жағдайын анықтау, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша үлгерімі төмен және үлгермеуші оқушылармен жұмыстың жағдайын анықтау,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында тренинг тестілеу жүргізу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Мұғалім-оқушы көзімен» оқушылар арасында сауалнамалар алу, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «Мұғалім –ата-ана көзімен» ата-аналардан сауалнамалар алу, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен таңдау, қолданбалы курстар бойынша бағдарламалардың орындалуын зерделеу сынды жұмыстар жоспарлы түрде өткізілді.
Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа сапалы білім мен ұлағатты тәрбие беру.
Осы мақсатта қазақ тілі пәнінің мұғалімдері жоспарға сәйкес ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шараларды жаңартылған білім мазмұнының аясында түрлі белсенді әдіс-тәсілдер мен платформаларды пайдалана отырып өткізді.
Атап айтар болсақ: 6 ашық сабақ,5 сыныптан тыс іс-шара мен 3 коучинг өткізілді.
«Ұрпаққа ұран болған ұлы есімдер» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі айлығының ашылуына байланысты әдеби-танымдық кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнер мұраларын насихаттау,тілге шешен, ділмар сөз шеберлерінің шығармаларын насихаттау.
Мәшhүр Жүсіп Көпеевтің туғанына-165 жыл толуына орай Мәшһүр Жүсіптің ақындығына тоқталып, оның нәзік те отты, ойлы өлеңдері халықтың өз ішінен қайнап шыққан талант иесі екенін көрсетілді.
Жүсіпбек Аймауытовтың туғанына-135 жыл толуына байланысты
ХХ ғасырдың басында ұлттық әдебиеттің барлық жанрында бірдей өнімді еңбек еткен қаламгерлердің қатарында ақын әрі прозашы, драмашы әрі аудармашы, сыншы әрі публицист Жүсіпбек Аймауытовтың есімі айрықша екендігі туралы ақпараттар берілді.Жалпы айлық барысында 2023-2024 оқу жылындағы атаулы күндер қамтылды.
Айлық жоспарына сәйкес қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі Қожахметова Дүрия Нұртайқызы 10 «А» сыныбында Абай Құнанбаевтың «Масғұт» поэмасының композициясы тақырыбында сабақ өттті. Сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау арқылы идеялық мазмұнын түсіну.
Мұғалім оқушылармен психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру мақсатында сабақтың ұйымдастыру кезеңінде ерекше көрініс тапты.Сыныпты екі топқа бөліп топ оқушылары бір-бірімен жақсы тілектер айту арқылы сабақты бастады.Сабақта «Ассоциация»,«6 Неліктен?», «Броундық қозғалыс»,«Баскетбол» әдістерді сабақ тиімділігіне қарай пайдаланды.Алдыңғы оқуда «6 Неліктен?» әдісі арқылы Абайдың отыз екінші қарасөзі мен ақынның өміріне қатысты сұрақтар қойылып сабақ сұралды.«Броундық қозғалыс»,«Баскетбол» әдістері жаңа сабақтың құрылымына қарай қоланылған тиімді әдіс-тәсіл болды.
Мұғалім оқушылардың өздігінен жұмыс жасай білуіне ықпал етіп,сыни ойлау қабілетін арттыруда деңгейлік тапсырмалар беріп, өздігінен жұмыс жасай білуіне әрекет етті. Уәжі төмен оқушылардың қабілетіне қарай саралау тапсырмалардың дұрыс орындалуын қадағалап отырды. Сабақ барысында сабақ кезеңдерінде оқушы мен мұғалімнің іс әрекеті арқылы жақсы байланыс бар екендігі сабақтың өн бойында көрініп отырды. Сабақ құрылымы мен кезеңдері сақталып отырды. Сабағына қатысу барысында мұғалімнің оқушыларды ұйымдастыра білу қабілетінің жоғары екендігімен бірге мұғалімнің тиянақты дайындығы мен шеберлігі ерекше байқалды. Ұстаздың теориялық білімі мен жан-жақты дайындығының арқасында оқушының білім- білік дағдыларын барынша көрсетуге тырысты. Мұғалім мен оқушы арасында еркіндік, тығыз қарым-қатынас бар, оқушыларға зор талап қоя біледі.Оқушылар ойларын тиянақты жеткізе алады,сөйлеу мәнерлері қалыптасқандығы байқалды. Сабақта әдіс-тәсілді тиімді талапқа сай қолдана білді. Әдістемелік тәсілдерді тақырып мазмұнына қарай өзгертіп отырды.Оқушылардың ойлау қабілетін арттыруда логикалық сұрақтарды қолданып, өздігінен жұмыс істеуге нұсқау бере білді. Мұғалім сабақта жеке, топтық, жұптық, саралау жұмыстарын тиімді пайдалана біледі. Сабақ жоспарындағы іс-әрекеттердің барлығы сабақ барысында орындалып, оқу мақсаты жүзеге асты.
Қалқабаева А.Е. 6 «Ә» сыныбында «Бөлек жазылатын сөздердің емлесіне қатысты ескертулер» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың тақырыбын ашу үшін «Болжау стратегиясын» қолданды.Интербелсенді тақтадан суреттер көрсетіп,оқушыларға сұрақтар қойды. Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы жаңа тақырыпты анықтады. Бұл әдісті алған мақсатым оқушылардың зеректігін, шапшаңдығын дамытады. Оқушыларға оқу мақсатын таныстырып,оқу мақсатына сәйкес тапсырмалар орындатты.
Оқу мақсатын ашу үшін «Болжау стратегиясы» әдісін қолданды.Бұл әдісті алған мақсатым, оқушыларсын тұрғысынан ойлауға, сөйлеуге ,ойын еркін жазуға,тыңдау әдебін сақтауға дағдыланады. Осы әдіс арқылы мынадай тапсырмалар орындалды:
1-топ Мәтінен негізгі және қосымша ақпаратты анықтады
2-топ Мәтіннен күрделі сөздерді табады
3-топ Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап береді
Тапсырмаларды дескрипторларға сүйне отырып , оқушылармен қалыптастырушы бағалау жүргізді.
Сабақтың соңында «3-2-1» әдісімен рефлесия алынды.3 нақты ақпарат,2 қиыншылық,1 ұсыныс. Бұл әдіс оқушылардың нені білгенін, нені үйренгенін,тағы нені білгісі келетіндігін жазып,ауызша айтып шықты.
6 «В» сыныбында Мақұлбекова Д.А.қазақ тілі пәнінен «Қазіргі заманғы пирамидалар» тақырыбында сабақ өтті. Мұғалім сабақтың басында ширату жаттығуы арқылы сұраққа жауап берумен бастады. Сабақтың мақсатын анықтап, оның орындалуына көңіл бөледі. Сыныппен қарым-қатынасы жақсы, кейбір оқушылар сабақта өз ойларын нық айтса, кейбір оқушылар өз ойын еркін айтуға тырысады. Сабақ барысында ««Атаулар кестесі» ««Еркін жазу»» әдісі, «wordwall» платформасы пайдаланды. Топтық ,жеке жұмыс түрлері орындалды. Оқушылар сабаққа жақсы қатысып отырды.Оқушылар мен мұғалім арасында байланыс болды. Сабақта әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана біледі, бірақ оны тиімді қолдану керек екендігі ескертілді. Сабақ кезеңдері жақсы жолға қойылған. Сабақ барысында оқушыларға тапсырма орындатып, сол тапсырмалардың жүйелі орындалуын қадағаланды.Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында логикалық тапсырма, сараланған тапсырмалар оқушылардың жеке қабілеттеріне қарай беріліп отырды.
Сабақ бойынша мұғалімге ұсыныс жасалды: Жалпы сабақ құрылымы сақталды. Оқушылар қалыптастырушы бағалауға дағдыланбаған, бірақ бейімделу байқалады.
9 «А» сыныбында Мырсейтова Л.Е. Бұқар жыраудың «Тілек» толғауы тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақта 9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру; 9.2.4.1 автор стиліне сүйене отырып, шығармашылық жұмыс жазу мақсаттарымен жұмыс жүргізілді. Мақсатқа жету үшін «Болжау» стратегиясы», «Гугл», «Кім жылдам?», «Біздің толғау» әдістерін алдым. Сабақта оқушылар шығарманың идеялық мазмұнын, жанрлық ерекшелігін анықтады, 11 тілектің мағынасын, толғаудың көркемдік ерекшілігін ашты.
Сабақта оқушылар жеке, жұппен, топпен жұмыс жасады.
Білім алушылар Wordwall, Classroom платформаларымен жұмыс жасады. Саралау тапсырмасында оқушылар өзі таңдаған тапсырмасын орындап, талдау жұмысын жүргізді. Бұл сабақта оқушылар бағалау парақшасы арқылы өзін-өзі бағалады. Сабақта барлық 20 оқушы қамтылып, сабақ мақсатына жетті.
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дарынды оқушылармен жұмыстың мақсаты:
- Оқытуды жеке тұлғаға қарай бағыттау, диагностикалық зерттеу жүргізу арқылы дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту;
- Оқушылардың тілдік көркем стильді ауызша, жазбаша түрде қолдана білу біліктерін жетілдіру;
- Шығармашылық және зерттеушілік қабілеттерінің дамуына жағдай жасау.
Дарын – бұл табиғаттың берген сыйы болса, оқушы бойындағы жылт еткен сәулені сөндіріп алмай, әрі қарай шыңдау – ұстаздың кәсіби біліктілігіне байланысты. «Дарынды оқушы – ұлт болашағы» десек, әр мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады.
Жыл басынан дарынды оқушылардың қабілеті мен талабына сай жүргізілетін жұмыс жоспары құрылып бекітілді.Осы жоспарға сай жұмыс жүргізіліп келеді.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қожахметова Д.Н. оқушы дарындылығын зерттеуге арналған жұмыс түрлері қамтылған. Дарындылық белгілері ретінде өз бетімен жағдаяттарды шеше алуы, тілдік қолданыстарға деген қызығушылығы өте жоғары болуы, дербес іздену жұмыстарын іске асыруы, алдына мақсат қою, жету жолдарын қарастырады;
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Надырбаева Б.З. оқушының өзіне-өзі бақылау жасауы, стилдік зерттеушілік қабілеттері қалыптаса бастауы есепке алған. Оқушылармен сабақ барысында жүргізілетін деңгейлік тапсырмалар жүйесі қамтылған.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мақұлбекова Д.А. сабақтарында интербелсенді әдістер сын тұрғысынан ойлау стратегиялары арқылы пәндік-білімдік парадигманы тілге деген сүйіспеншілік парадигмасымен алмастыратыны қамтылған. Ол сабақтың әр кезеңінде қолдануға ыңғайлы стратегиялар негізінде көрсетілген.
Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Қалқабаева А.Е. оқушылармен сыныптан тыс кезеңде жүргізілетін жұмыс түрлері түрлі сайыстар мен пәндік олимпиадалар және мен интернет арқылы қашықтан жүргізілетін жұмыс түрлері берілген. Яғни оқушыны жан-жақты дамыту жолдары ескерілген.
Оқушылар мектеп, аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық олимпиадаларға белсенді қатысады.
Мектептегі дарынды оқушылармен ұйымдастырылатын шараларға белсенділік танытып қатысады. Дарынды оқушылармен жұмысты жыл соңына дейін әлі жетілдіреді деген сенімдемін.
Адамның өз мүмкіншіліктерін толық көрсетуіне кері әсерін тигізетін қасиеттердің бірі – ұялшақтық, ұяңдық, тұйықтық. Бұл қасиет негізінен адамда бала кезінен пайда болады. Одан бала кезден арылмаса, есейген сайын ол түрлі кедергілерге алып келеді. Табиғатынан ұяң бала сол кедергілерден өте алмауы, қиындықтарға төтеп бере алмауы мүмкін. Бір-екі рет төтеп бере алмаса, біртіндеп оның барлығы бала бойына жинақталып, тұйықталуға, іштен тынуға ұласады да, сәтсіздіктерге ұшырағанда үнсіз келісіп, күресуден бас тартады. Тіпті, баланың өзін-өзі бағалауы да төмендей бастайды. Өзінің үнемі жолы болмайтындай сезіп, өмір сүруге деген құлшынысы азаяды, тіпті өзін жеккөріп кетеді. Ұялшақ, тұйық балалар табиғатынан үндемейді, көзін үнемі төмен салып жүреді, иығы еңкіш тартып тұрады, бір нәрсе айта қалсаң қалтырап кетеді, сөйлегенде ешқашан бетіңе тура қарамайды, тіпті қарапайым сұрақтардың өзіне әрең жауап қайтарады. Олар көбінесе, өз сезімдерін көпшілік алдында көрсетпейді, ішінен уайымдайды, жалғыздықты сезінеді, торығу сезімі басым болып келеді. Оларға абыржу, сасу, қысылу, ұялу, өзін болмашы нәрсеге кінәлі сезіну тән. Кейбір балалар табиғатынан ұяң болмауы мүмкін, олар топ бастауға құмартып тұрады, бірақ оны басқара алмағандықтан, өзін көрсете алмағандықтан, үндемей, ешкімге қосылмай, тұйықталып жүреді. Өз пікірін айтуға жасқаншақтанады.
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жасаудың басты міндеттері:
- үлгерімі төмен оқушылармен түрлі жұмыстар жүргізу арқылы оқу үлгерімін арттыру;
- балалардың артта қалуы мен нашар оқуын болдырмау және алдын алу;
- үлгерімі төмен оқушылардың оқу техникасын, жазба жұмыстарын жазуға қабілеттерін, оқу сапасын көтеру, пәнге деген қызығушылығын арттыру, әріптердің дұрыс оқылуын қалыптастыру;
«Үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттыруда сындарлы оқытудың тиімді жолдары» тақырбында үлгерімі төмен оқушылардың білім сапасын арттыруда жаңа әдістерді пайдаланудың маңыздылығын ұғындыру мақсатында шеберлік сыныбы өткізілді. «Үлгерімі төмен оқушылардың сабаққа үлгермеу себептерін анықтау» тақырыбында ой қозғалды. Қатысушылар үлгермеуші оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру үшін жұмыс түрлерін ұсынды. Жағдаятты шешудің тиімді әдіс-тәсілдерін топпен ойлана , ақылдаса отырып постер қорғады. Сонымен қатар, үлгерімі төмен оқушылардың оқушылардың оқуына оң әсер ететін тиімді әдіс-тәсілдер көрсетіліп, оқу үшін бағалау және оқытуды бағалаудың тиімді әдіс – тәсілдері, диалогтік оқытудың тиімді әдіс тәсілдері, сыни тұрғыдан ойлаудың тиімді әдіс – тәсілдері туралы ақпарат берілді. Соңында «Бас», «Қол», «Жүрек» кері байланысы парақшасындағы төмендегіше сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтан алған әсерін білдірді.
Оқушылардың іс-шара барысында сабаққа деген қызығушылықтары арта түскендіктері байқалды. Бұл жетістіктер мұғалім жұмысының нәтижесі. Мұғалім, оқушы, ата-ана арасында тығыз байланыс орнаса, жетістіктерге қол жеткізері сөзсіз.
Біле бер қанша білсең, тағы тіле,
Жетерсің мақсатыңа біле-біле. Ж.Баласағұн