«Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі» тақырыбында тәрбие мен құқық бағыты бойынша семинар тренинг ұйымдастырылды. » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі» тақырыбында тәрбие мен құқық бағыты бойынша семинар тренинг ұйымдастырылды.
21
қараша
2023

«Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі» тақырыбында тәрбие мен құқық бағыты бойынша семинар тренинг ұйымдастырылды.

⛳️2.11 күні сынып жетекшілерге арналған «Жеке тұлғаның қалыптасуындағы сынып жетекшінің рөлі» тақырыбында тәрбие мен құқық бағыты бойынша семинар тренинг ұйымдастырылды. 
⛳️Мақсаты: дені сау, ұлттық сана - сезімі, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, ар - ожданы мол, іскер, бойында игі қасиеттер қалыптасқан адам тәрбиелеу.
⛳️Жалпы оқушылардың өмірінде мектептегі тәрбиенің рөлі зор. Мектептегі басты тұлға ұстаздың міндеті тек білім беру ғана емес, сонымен қатар әрбір оқушының жүрегіне жол тауып, оларды тәлім - тәрбиемен сусындату болып табылады. Оқушыға әрдайым сын көзбен қарап, пікір айта білсек, талап қойып, болашаққа ұмтылуға сендірсек, келешекте абзал азамат шығары сөзсіз. Сондай - ақ оқушының қоршаған ортасы, дос - жарандары, құрбы құрдастары иманды, адамгершілігі мол, ізгілікті, елжанды болуы керек.
⛳️Оқушының бойында осындай қасиеттерді қалыптастыруда сынып жетекшісінің рөлі зор. Жоғарыдағы қасиеттерді негізге ала отырып ата - аналар, мектеп, ұстаз бірігіп жас ұрпақтың ұлттық сана сезімін, қоғамдық саяси ой - өрісін байытып, тұлға бойында мәдени құндылықтарды дамытуға тиіспіз. Тәрбие кезеңдеріндегі өзіне тән заңдылықтарын сәтті пайдалану ұрпақ тәрбиесінің жемісті болуының кепілі болмақ.