13
қараша
2023
Цифрлық сауаттылық - заман талабы
13-қараша күні №44 жалпы орта білім беретін мектебінде «Мұғалімдердің цифрлық құзіреттілігін дамыту» тақырыбында мектепішілік оқыту семинары өткізілді. Ақпараттандыру технологиясы дамыған заманда мемлекетіміздің болашағы – жас ұрпаққа заман талабына сай білім беріп, жан-жақты дамуына ықпал ету. Мұғалімнен шығармашылық ізденісті, үлкен сұранысты талап ететін тұлға қалыптастыру. Компьютер және ақпараттық технологиялар арқылы жасалып жатқан оқыту процесінде оқушының жаңаша ойлау қабілетін қалыптастыру, нәтижесінде – өздерінің кәсіби потенциалдарының жоғарылату - семинардың басты мақсаты болды. Семинар барысында информатика пәні мұғалімі Т.Асырбек және математика пәні мұғалімі Н.Баубеков CANVA.COM CAMTAZIA программаларын қолдану жолдарымен таныстырды.




