Сабақтың тақырыбы: Ассамблеяның негізгі міндеттері » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Сабақтың тақырыбы: Ассамблеяның негізгі міндеттері
15
желтоқсан
2017

Сабақтың тақырыбы: Ассамблеяның негізгі міндеттері

Пәні:  Қазақ тілі

Сынып: 8 «В»

Күні: 15.12. 2017ж

Сабақтың тақырыбы: Ассамблеяның негізгі міндеттері

Сабақтың мақсаты:  Оқушыларға Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттері туралы түсінік қалыптастыру

Міндеті: 1. Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі міндеттері туралы    

                    біледі

                2. Ассамблеяның мақсаты мен негізгі міндеттерін түсінеді

                3. Өз еркімен тапсырмалар орындай алады

Күтілетін нәтиже: Оқушыларға  Қазақстан халқы Ассамблеясы ның негізгі міндеттері туралы түсінік қалыптасды.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларды (1,2) сан есімдерін  қолданып  2 топқа бөлу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Есімшені жіктеу, ережені жатқа сұрау

Қазақстан халқы Ассамблеясы қашан құрылды?

Ассамблея дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық

Оқушыларды тақтаға шығарып, «Білемін», «Білгім келеді», «Басқаларға көмектесемін», деген сөздерді қолданып оқушылардың Ассамблея туралы білетіндерін анықтау.

ІҮ. Жаңа сабақ

«Болжау»әдісі

Топтық жұмыс

1 топ Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы топтастыру жұмыстарын жүргізеді.

2 топ Ассамблеяның қызметі туралы топтастыру жұмыстарын орындайды.

Оқушылар топтық жұмыстарын қорғайды.

Осы тақырып бойынша бейнебаянға назарын аударады.

Бейнебаян

Мұғалім:Елбасы мынаны баса айтты: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі екендігін мықтап есте сақтаған абзал. Қазақтың ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес». Біз: «Мен - қазақстандықпын, өз елімде мен үшін барлық есік ашық!»- деп айта алатын әділетті қоғам құрып жатырмыз. Біз көппіз және бәріміз - бір Елміз, бір халықпыз. Өз еліне пайдасын тигізу, өз Отанының тағдырына жауапты болу - әрбір жауапты саясаткер үшін, әрбір қазақстандық үшін парыз және абырой.

Мәтінмен жұмыс (Мәтінді мәнерлеп оқыту)

Сөздіктен жұмыс

Қоғам- гуманитар

Мәдениет- культура

Құндылық- ценность

 

Ассамблеяның негізгі міндеттері:

1) этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;



2) халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

3) қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

4) Азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру

5) Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;
 Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

Сәйкестендіру кестесі

1 топ

қоғамдағы экстремизмнің және радикализмнің көріністері мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттік органдарға жәрдемдесу;

      2  

этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

          5

Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

 Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

                      1

халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

  3        

 

2 топ

Азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетін саяси-құқықтық мәдениетін қалыптастыру

      2  

этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келісімді және толеранттықты одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасау;

          4

Ассамблеяның мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этномәдени және өзге де қоғамдық бірлестіктердің күш-жігерін біріктіруді қамтамасыз ету;

 Қазақстан халқының ұлттық мәдениетін, тілдері мен дәстүрлерін өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.

                      1

Халық бірлігін нығайту, қазақстандық қоғамның негіз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келісімді қолдау және дамыту;

  5         

Ү. Бекіту

2-тапсырма. Төменде берілген есімшені жекеше, көпше түрде жіктеңдер.

І. Мен көргенмін                               

ІІ. Сен көргенсің

    Сіз көргенсіз

ІІІ. Ол көрген

                      Көпше

І.Біз көргенбіз                               

ІІ. Сендер көргенсіңдер

    Сіздер көргенсіздер

ІІІ. Олар көрген

 

ҮІ. Қорытынды

РАПТ жазу

Ассамблея Төрағасына хат жолдау.

 

Бірлік, ынтымақ туралы мақал- мәтел білесің бе?

 

Ел бірлігі – ел теңдігі.
 
Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.
 
Бірлігі жоқ ел тозады,
Бірлігі күшті ел озады.

 

Кері байланыс

Оқушыларды тақтаға шығарып, «Білемін», «Білгім келеді», «Басқаларға көмектесемін», деген сөздерді қолданып оқушылардың Ассамблея туралы түсінгенін анықтау.

 

ҮІІ. Үйге тапсырма

 1-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндау

  Айтпақ сөзін жіктеу

ҮІІІ. Бағалау

Бағалау парақшасы

Критерий

1 балл

2 балл

1

Үй тапсырмасы толық орындамаса

 

 

2

Үй тапсырмасы толық орындалса

 

 

3

Топтық жүмысқа белсенді қаттыса алмаса

 

 

4

Топтық жүмысқа белсенді қаттысса

 

 

5

2-тапсырма толық дәптерге орындамаса

 

 

6

2-тапсырма толық дәптерге орындаса

 

 

7

РАПТ толық орындалмаса

 

 

8

РАПТ толық орындалса

 

 

9

Мақал-мәтел айтса

 

 

 

16-18 балл - «5»

13-15 балл –«4»

9-12 балл –«3»