2025 жылдың қараша айында 1–2 сынып оқушыларымен жүргізілген мектеп ішіндегі кәсіптік бағдар беру экскурсиясы туралы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 2025 жылдың қараша айында 1–2 сынып оқушыларымен жүргізілген мектеп ішіндегі кәсіптік бағдар беру экскурсиясы туралы
20
қараша
2025

2025 жылдың қараша айында 1–2 сынып оқушыларымен жүргізілген мектеп ішіндегі кәсіптік бағдар беру экскурсиясы туралы

2025 жылдың қараша айында мектепте бастауыш буынға ерте кәсіби бағдар беру бағытындағы жұмыс аясында 1–2 сынып оқушыларымен мектеп ішіне танымдық-кәсіптік экскурсия ұйымдастырылды.

Экскурсияның мақсаты:

Оқушыларды мектеп ішіндегі түрлі қызмет түрлерімен, мамандық иелерінің жұмыс орнымен таныстыру арқылы еңбекке қызығушылықтарын арттыру, кәсіби бағдарлаудың бастапқы түсініктерін қалыптастыру, сондай-ақ мектеп ортасына бейімделуіне ықпал ету.

Міндеттері:

  • оқушыларға мектеп қызметкерлерінің (мұғалім, кітапханашы, медбике, әкімшілік қызметкерлері, техникалық қызметкерлер) еңбегі туралы түсінік беру;
  • еңбек адамын құрметтеуге тәрбиелеу;
  • болашақта мамандық туралы бастапқы ұғымдарды қалыптастыруға ықпал ету;
  • оқушылардың қызығушылығын арттырып, сұрақ қою және бақылау дағдыларын дамыту.

Экскурсия барысы:

Оқушылар мектептің негізгі бөлімдерімен және қызмет көрсету орындарымен таныстырылды: бастауыш сынып кабинеттері, кітапхана, спорт залы, медициналық кабинет, асхана, әкімшілік бөлмелер және техникалық қызметкерлердің жұмыс аймағы.

Әр бөлмеде оқушыларға сол жерде атқарылатын жұмыс, маманның міндеті және мектептегі рөлі түсіндірілді. Балалар белсенді түрде сұрақтар қойып, өздеріне жаңа ақпарат алды.

Мұғалімдер еңбек адамын құрметтеу, қауіпсіздік ережелерін сақтау және тәртіпке бағыну маңыздылығын атап өтті.

Похожие публикации: