№44 ЖОББМГ-де 8 «Б» сыныбында сынып «Мамандық маңызды іс» тақырыбында сынып сағат өткізгені туралы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №44 ЖОББМГ-де 8 «Б» сыныбында сынып «Мамандық маңызды іс» тақырыбында сынып сағат өткізгені туралы
22
қыркүйек
2025

№44 ЖОББМГ-де 8 «Б» сыныбында сынып «Мамандық маңызды іс» тақырыбында сынып сағат өткізгені туралы

Тақырыбы: Болашақ мамандықты таңдаудың маңызы

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушылардың болашақ мамандық туралы түсініктерін кеңейту, әртүрлі кәсіби бағыттармен таныстыру, олардың жеке қабілеттері, қызығушылықтары мен бейімділіктерін анықтау арқылы кәсіби бағдар беру.

Сабақтың мазмұны мен өткізілу барысы:

Сынып сағаты оқушылармен жылы қарым-қатынаста, ынтымақтастық атмосферасында басталды. Алдымен оқушылар «Мамандық дегеніміз не?» тақырыбында өз ой-пікірлерін ортаға салып, мамандықтың адамның өміріндегі маңыздылығы туралы талқылады.

Ұстаз тарапынан түрлі мамандықтардың қоғамдағы рөлі, еңбекке құрметпен қарау, жауапкершілік, табандылық және мақсат қоя білу сияқты құндылықтар түсіндірілді.