2021-2022 оқу жылында Тау бөктеріндегі «Жұлдыз» сауықтыру лагерьіне қамтылған оқушылар туралы анықтама
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығы 11-қосымшамен бекітілген «Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес №44 жалпы орта білім беретін мектебінде білім алып отырған көпбалалы және аз қамтылған, жартылай жетім және қорғаншылықта тәрбиеленіп отырған т.б түрлі санаттағы отбасынан шыққан балаларды 2021-2022 оқу жылында қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде жазғы демалыспен қамтылды. Балалар жазғы демалысын қызықты өткізу барысында тау бөктеріндегі «Жұлдыз» сауықтыру лагерьіне барып уақыттарын тиімді пайдаланды. Қорғаншылықта тәрбиеленіп отырған 5 «в» сынып оқушысы Елюбай Ернар өзінің шеберлігін көрсетіп түрлі жүлделермен марапатталды.

