«Ата-аналарды қолдау орталығы» бағдарламасы бойынша сабақ ұйымдастырылды. » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Ата-аналарды қолдау орталығы» бағдарламасы бойынша сабақ ұйымдастырылды.
21
қараша
2023

«Ата-аналарды қолдау орталығы» бағдарламасы бойынша сабақ ұйымдастырылды.

№44 ЖОББМ-де 10.11 күні 1-4 сынып ата-аналарына «Ата-аналарды қолдау орталығы» бағдарламасы бойынша сабақ ұйымдастырылды.
Мақсаты: Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс–тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым–қатынас орнату.
«Ата-ана өмірінің басты мақсаты бақытты адам тәрбиелеу»жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, азаматты тәрбиелеу мақсатында, Ұлттық мүдде, Ар-Ұят, Талап құндылықтарына негізделген «Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру бойынша атқарылатын іс-шаралар туралы айтылды. 🖌️Кездесуде «Ата-аналарды педагогикалық қолдау бағдарламасының» әдістемелік ұсынымдары қамтылды. Баланың ерік-жігері мен мінезін ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу, баланың оқуына, мінез-құлқына және қарым-қатынас жасауына темпераменттің әсері. Баланың даралығын темпераментіне сәйкес қалай ашуға болатындығы, әр баланың бірегейлігін ашудағы отбасы мен мектептің өзара әрекеті туралы талқыланып, кеңестер берілді.