«Әр өлеңі бір әлем» атты Мұқағали Мақатаевтың туғанына 92 жыл толуына орай мәнерлеп оқу байқауы
2023 жылдың 9 ақпан күні Мұқағали Мақатаевтың 92 жылдығына арналып № 44 ЖОББ мектеп кітапханасында «Әр өлеңі бір әлем» атты мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылды.
Бұл байқауға 2 «А», «Б», «В», «Г» сынып оқушылары қатысты. Оқушыларды өмір дерегімен таныстырып, ақынның фотосуреттерінің слайд көрмесі ұсынылды.
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы білімдерін қалыптастыру, ақынның өзіндік мұратын таныту,өлеңнің идеясы мен тақырыбын ашу оқушылардың ой - өрістерін, сөйлеу мәдениетін, әдеби тіл байлығын арттыру.
Байқау барысында жеңімпаздар анықталды. 2 «Б» сынып оқушысы Жеңісбек Айзада бас жүлдеге, 2 «А» сыныбының оқушысы Мұратбек Аяна
І- орынға ие болса, ал ІІ және ІІІ орынды Алдаберген Ерали мен Сағынтай Аяулым иеленді.
