Ұлыстың ұлы күні, әз- Наурыз! » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ұлыстың ұлы күні, әз- Наурыз!
10
наурыз
2022

Ұлыстың ұлы күні, әз- Наурыз!

№ 44 жалпы орта білім беретін мектепкітапханасы, мектеп оқушыларына 2022 жылдың 10 наурыз күні « Ұлыстың ұлы күні, әз- Наурыз!»  атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

   Көрменің мақсаты: Бүкіл түркі халықтарының ұлық тойы – Наурыз мерекесін ұлттық салт-дәстүрімізбен, әдет-ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, ұрпақтардың өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.


      Мерекеге арналып жасалған кітап көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы мен қолөнері, ұлттық тағамы туралы насихаттады. 

Кітап көрмесінің «Ұлыстың ұлы күні, әз- Наурыз!» атты 1-ші бөлімінде халқымыздың ұлттық мерекесі Наурыздың шығу тарихы, жыл басы, жыл қайыру, жыл, ай аттары тәрізді ұлттық құндылықтар туралы әдебиеттер қойылды, 2-ші бөлім «Қазақтың қолөнері - төл өнері» деп аталады. Қолөнер – халықтың ұлттық мұрасы, мәдениеті мен өнерінің айқын көрінісі. Соған орай ұлттық киім, қолөнерге байланысты әдебиеттер ұсынылды. «Халықтың қадір тұтар дастарханы» атты үшінші бөлімде қазақ халқының дастарханы, ұлттық тағамдары туралы басылымдар қойылды. Көрмедегі Наурызнама, Адалбақан, «Қазақ халқының салт-дәстүрлері», «Наурызнама», «Ас атасы нан», «Қазақ халқының дәстүрлері той-мереке, сауық-сайран», «Ұлттық ойын тамашалары», «Қазақтың ұлттық тағамдары», «Қазақтың киіз үйі», «Жеті қазына», «Ағаш бесіктен, жер бесікке дейін» кітаптарымен бірге Ұлыстың ұлы күні, Наурыз көже, Әз наурыздың қадірі мен қасиеті т.б кітаптармен мерзімді басылымдар бетіндегі мол мағлұматтар өз халқының мәдениеті мен этнографиясын танып білгісі келетін әркімге пайдасы мол болмақ. Көрмеге 12 кітап, 11 мерзімді басылым мен суреттер қойылды.


Кітапханашы : Жасыбаева Қ.