Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы
№ 44 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында
1 желтоқсан Қазақстанның Тұңғыш Президентінің Күніне орай ұйымдастырылған ақпараттық сағат туралы
Анықтама
«Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы»
Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі - өнеге ету. Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқылы еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани игі өзгерістер белесімен оқушылар танысты.

