" Таланттылар шеруі-2023"
Жамбыл облысы Меркі ауданы Жеміс-жідек ауылындағы №44 жалпы орта білім беретін мектебінде 23 мамыр күні «Талантты ұстаздан – дарынды балалар. Талантливый учитель - одаренные дети» тақырыбында «Таланттылар шеруі-2023» іс-шара өтті. Іс-шараның мақсаты оқушылардың бойындағы қабілетін дәріптеп, оның одан әрі дамуына қолдау көрсету. «Жомарт түлек» бағдарламасы аясында осы мектептің түлектері: Бердыбаев Алмас Серикович – жеке кәсіпкер, Қырғызбаев Болат Абдезимович – жеке кәсіпкер, Лекеров Мейірбек Бердиярұлы – жеке кәсіпкер, Макулбекова Динара Алимхановна - №44 ЖОББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі атынан жыл бойы республикалық, халықаралық байқауыларының жеңімпаздары: Хамиров Тамирлан, Амангелді Іңкәр, Шәймерден Санжар және «Томирис» би тобына ынталандыру мақсатында біржолғы сыйақы берілді. Сондай –ақ облыстық, республикалық байқауыларының жеңімпазы атанған ұстаздарға да сертификат табысталды. Атап айтсақ, география пәні мұғалімі Найзабекова Гульмира Мырзахановна, биология пәні мұғалімі Сыдыкова Гульнура Эмилбековна, бастауыш сынып мұғалімі Билибаева Назгуль Сагимбаевна, педагог-психолог Сейтжапарова Айжан Дауытбаевна. Ортаға бәйгеге өз шәкіртін дайындаған, дүбірлі додаларда жеңімпаз қасынан табылған, ерен еңбектің иесі атанған, үздік шәкірттерді дайындаған ұстаздар Алғыс хатпен марапатталды.