Көркем еңбек , музыка пән бірлестігінің айлық есебі » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Көркем еңбек , музыка пән бірлестігінің айлық есебі
15
қазан
2025

Көркем еңбек , музыка пән бірлестігінің айлық есебі

Музыка пәні мұғалімі Нарметова И.Д. 5 «а» сыныбында «Айтыс өнері» тақырыбында ашық сабақ өтті.Сабақтың басында оқушыларды түгендеп,ынтасын сабаққа аудару.Психологиялық ахуал қалыптастыруда «Көрші».Оқушыларды топқа бөлді . Сабақтын басында сабақтың тақырыбы,мақсатымен таныстырды. Оқушылар Айтыскер ақындар туралы мәлімет алды.Бұл тапсырмада оқушылар өз ойларын ауызша  сұрақтарға жауап берді. Бірінші тапсырмабойынша ақпарат іздеу ,топтық жұмыс,кластер  арқылы жүргізілді. «Біржан мен Сара» айтысымен оқулықтан танысып постер қорғады. Қалыптастырушы бағалау «Мадақтау» арқылы  жүргізілді. Екінші тапсырма бойынша Ұж.Орындау. «Біржан мен Сара» айтысынан үзінді алып,әуенге салып орындады. Қалыптастырушы бағалау «Үш шапалақ»арқылы жүргізді.Кері байланыс : «Бағдаршам»арқылы жүргізілді. Берілген сұрақтарға жауап берді. Әр тапсырмадан кейін оқушылар бір бірін бағалап отырды.Оқушылар тапсырманы қызығушылықпен орындады.Сабаққа белсене қатысып сабақ мақсатына жетті.

Ұсыныс:Тәжірибелі сабақ көрсетілді сол себепті,осындай сабақ үлгіде тәжірибе алмасу ұсынылады.

Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу барысында анықталғаны          Калиева Б.Б.көркем еңбек пәнінің мұғалімі 5 «в» сыныбында «Пластикалық пішіндер өнері» тақырыбында ашық сабақ өтілді.Сабақ кезекшінің баяндамасымен басталды, онда кезекші сабаққа қатысқан, қатыспаған оқушылар туралы мәлімет берді. Оқушылар жылы мен суық түсті ермексаз арқылы екі топтарға бөлініп, сабаққа «Сиқырлы домбыра» әдісінқолданды.Психологиялық ахуал арқылы сабақты жақсы көңіл күймен бастады. Оқушылардан үй жұмысы «Қолшатыр» әдісіарқылы сұралды. Оқушылар бір-бірлерінің жауаптарын тыңдап дұрыс немесе дұрыс емес екенің тексеріп отырды.


Сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында оқушыларға «Болжау» әдісіарқылы тақырыпты ашты «Wordwall»программасы қолданылды. Оқушыларға сабақту ашу үшін сұрақтар қойылды.  Сабақтың тақырыбы ашылған соң бейне материал көрсетілді.  Бейне материал бойынша сұрақтар қойылды, осылайша сабақтың тақырыбы анықталып, мақсаттары таныстырылды. Мүсіндер туралы мұғалім мәлімет берді


Бірінші тапсырмаПрактикалық жұмыс , «Әңгімелеу»әдісі бойынша өздік тапсырма   «Менің қол өнерім»-әр оқушы өз қиялындығы мүсінін жасады.  ЖИ : «Ойлан-Жаса-Таныстыр» арқылы жүргізілді.Қалыптастырушыбағалау :Өзін-өзі бағалау арқылы бағаланды.


Екінші тапсырма«Салыстыр және талқыла» әдісі бойынша жұптық тапсырма жүргізілді«Эмоциялы жануар»- жұп болып бір жануар мүсінін жасайды,бірақ әр оқушы сол жануардың екі түрлі көңіл куй бейнелейді(мысалы қуанышты қоян мен қорыққан қоян).Сонында өз жұмыстарының айырмашылығын түсіндірді.ЖИ :«Венн диаграммасы». Қалыптастырушыбағалау « Екі жұлдыз бір тілек»арқылы жүргізілді.


Үшінші тапсырма «Галереяны аралау» әдісі бойынша .Топтық тапсырма орындалды.Әр топ ортақ рельефтік мүсін композициясын жасады.ЖИ: «Топтық галерея» арқылы жасалды.Қалыптастырушы бағалау  «Шапалақ» әдісі бағалау  арқылы бағаланды.Кері байланыс «Көңіл күй бұлты» әдісі арқылы жүргізілді.


Ұсыныс:Тәжірибелі сабақ көрсетілді сол себепті,осындай сабақ үлгіде тәжірибе алмасу ұсынылады.

Көркем еңбек пәні мұғаліміСтыбаев Ү.Ш. 8«Б» сыныбында «Мозаикалық панноға арналған негіз дайындау» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ кезекшінің баяндамасымен басталды, онда кезекші сабаққа қатысқан, қатыспаған оқушылар туралы мәлімет берілді. Сабақтың басы  оқушыларға жақсы көңіл күй сыйлаудан басталды. «Шаттық шеңбері»әдісі қолданылды. «Миға шабыуыл» әдісібойынша үй тапсырмасы сұрақтар арқылы сұралды.Оқушылар белсене сұрақтарға жауап қайтарды. Жаңа сабақ таныстырылып, бүгінгі сабақтың мақсатын түсіндірді .Сабақта дескриптор, қалыптастырушы бағалау жүргізілді.Топтық тапсырмалар берілді. Топтық тапсырмада мозаика панносын жасады. Әр тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындады.Кері байланыс “Еркін микрофон”арқылы жүргізілді. Әр оқушы өздерінің бүгінгі сабақта не түсінгені бойынша өз ойларын айтты.Кері байланыс «Талқылаудағы әріптестер» арқылы жүргізілді.

Ұсыныс:Топтық,жұмыс түрлерін жандандыру,оқушылардың дұрыс жауап беруін қадағалау.

Көркем еңбек пәні мұғалімі Узденов М.Р. 7 «ә» сыныбымен  «Өнердегі заманауи стильдік бағыттарды зерттеу негізінде тәжірибелік жұмыс орындау» (2D немесе3 D форматында)тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ кезекшінің баяндамасымен басталды сыныпта жоқ оқушыларды түгендеді. Сабақтың басы жақсы көңіл – күй сыйлау үшін оқушыларымыз 

бір- біріне жылы лебіздерін білдірді.Сыныпты  Q кодарқылы екі топқа бөлді. Топ топтың басшысын сайлады.

Бірінші тапсырма «Жүзеге асыр» әдісіарқылы топтық жұмыс жүргізілді.Оқушылар барлық элементтердің қызметін дұрыс анықтау керек болған.Оқушылар қызығушылықпен тапсырманы орындады. Қалыптастырушы бағалау жүргізілді.

Екінші тапсырма «Ең,Ең,Ең»әдісібойынша  жеке жұмыс жүргізілді. Түрлі түсті поп-арт орындады. Әр топ мүшелері жеке дәптерлеріне орындады.

Үшінші тапсырма 3 D көрініспен шәйнек суретін салып оқушылар жұптық жұмыс орындады.Оқушылар суретті сурет дәптеріне орындады.

Төртінші тапсырма Socrativeплотформасы арқылы оқушылар  тест тапсырмасын орындады. Әр оқушы өз деңгейіне қарай тапсырманы таңдады. Сабақ сонында кері байланыс жүргізілді. Оқушылар берілген тапсырманы бар қызығушылықтарымен орындап отырды. Балалар сабаққа қызыға қатысып, сабақ мақсатына жетті. 

Ұсыныс :Тәжірибелі сабақ көрсетілді сол себепті,осындай сабақ үлгіде тәжірибе алмасу 

Көркем еңбек пәні мұғалімі КеримбековаМ.С. 8«В» сыныбында «Шығармашылық жұмысты орындау.Киіз басу.» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ кезекшінің баяндамасымен басталды, онда кезекші сабаққа қатысқан, қатыспаған оқушылар туралы мәлімет берілді. Сабақтың басы  оқушыларға жақсы көңіл күй сыйлаудан басталды. Қағаздан жасалған қызыл сары ,сары,жасыл раушан гүлдер арқылы 3 топқа бөлді. Үй тапсырмасы сұрақтар арқылы сұралды.Оқушылар белсене сұрақтарға жауап қайтарды .  Миға шабыуыл: Қазақстан мольеры Айя Бапанидің бейнебаян көрсетілді.Айя Бапанидің жұмыстарын оқушыларға таныстырылды. Оқушыларды құрғақ илеу тәсілін көрді .Киіз басудың түрлерімен танысты. Бірінші практикалық тапсырмада  А4 форматта құрғақ жүнмен  нобай орындады. Екінші тапсырмада дымқыл илеу әдіс бойынша жұмыс орындады. Сабақта дескриптор, қалыптастырушы бағалау жүргізілді.Топтық тапсырмалар берілді. Сабақтың аяғында оқушылар әр тапсырманы қызығушылықпен орындады.Кері байланыс жүргізілді. Әр оқушы өздерінің бүгінгі сабақта не түсінгені бойынша өз ойларын айтты.


Ұсыныс :Заманауи әдіс-тәсілдерді,платформаларды жұмыс барысында қолдану.

Көркем  , музыка пән бірлестігі мұғалімдер арасында  «Шеберлік» сабақтар өткізілді.

Шеберлік сабақтың мақсаты:Көркем еңбек ,музыка пәндері арқылы мұғалімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту,талғамын қалыптастыру және өнерге деген қызығушылығын арттыру.

  2025 жылдың 7 қазан күні мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі Калиева Б.Б. ұйымдастыруымен «Бояулар симфониясы»атты шеберлік сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – мұғалімдерге шығармашылық қабілеттерін дамыту, түстер үйлесімін сезіну және бояулар арқылы өз ойы мен көңіл күйін бейнелеуге үйрету.Шеберлік сабақ барысында қатысушылар түрлі бейнелеу тәсілдерін қолданып, бояулардың үйлесімділігін тәжірибе жүзінде меңгерді. Сабақ қызықты ойындармен, практикалық жұмыстармен және толықты.Іс-шара соңында қатысушылар өз жұмыстарын таныстырып, бір-бірінің еңбектеріне пікір білдірді. Шеберлік сабақ мұғалімдердің өнерге қызығушылығын арттырып, эстетикалық талғамын дамытуға зор үлес қосты.«Бояулар симфониясы» шеберлік сабағы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мақсатына толық жетті.

2025 жылдың 8 қазан күні мектептің домбыра жетекшісінің  Турсынбек Қ.А. ұйымдастыруымен «Домбыраның құдреті»атты шеберлік сабақ өтті. Шеберлік сабақтың мақсаты – ұлттық аспабымыз домбыраның қасиетін танытып, оның музыкалық мәдениетіміздегі орнын насихаттау. Сабақ барысында ұстаз бен оқушылар бірлесе отырып, домбырада күй орындап, оның дыбыстық ерекшеліктерін, тарихы мен маңызын талқылады. Мұғалімдер өз орындаушылық шеберліктерін көрсетіп, ұлттық өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттырды.Бұл шеберлік сабақ шығармашылық қабілетін дамытып, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және қазақтың аспаптық өнерін құрметтеуге бағытталды.