Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің 3-28 қазан аралығындағы айлық қорытындысы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің 3-28 қазан аралығындағы айлық қорытындысы
08
қараша
2023

Орыс сыныптарындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің 3-28 қазан аралығындағы айлық қорытындысы

Мақсаты:Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың мемлекеттік тілге деген құрметін және шығармашылық қабілеттерін дамытудың тиімді жолдарын ұсыну

Осы мақсатта қазан  айында орыс сыныптарындағы  қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің айлығының өтуіне байланысты мұғалімдерінің пәнді оқытуда тиімді кері байланысты ұйымдастыру қаралды.Бірлестікте 9 мұғалім жұмыс істейді.Санаты бойынша педагог –зерттеуші -3,педагог сарапшы-2,педагог-модератор -3,санатсыз 1.Пән мұғалімдерінің сабақтарына қатысу барысында анықталғаны Рыскулова А.Ж. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. 20.10.2023 ж.6 «Г»сыныбында «Қазақстан таулары»тақырыбында ашық сабақ өтілді. Мұғалім  сабағының барысында оқу мақсатын оқушыларға таныстырып өтті.Оқушылар мұқият тыңдады.Оқушылар белсене қатысып отырды. Үй жұмысын тексеру кезінде «Сандар сөйлейді»  әдісін пайдаландымОқушылар 1, 4, 6, 7, 40, 50 сандары қатысқан мақалдар  және жеті санымен байланысты атауларды айтты.

Алдыңғы білімді «Миға шабуыл» әдісімен тексеру кезінде оқушылар сан есімді, сан есімнің мағыналық түрлерін пысықтады. 

   Жаңа сабақтың тақырыбын анықтауда «Кроссенс» әдісін  пайдаландым. Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылықтарын  ояту мақсатында көрсетілген «Қазақстан таулары» тақырыбындағы бейнебаянның танымдық мақсаты зор болды. 

   Сабақ барысында тыңдалым, оқылым, айтылым,жазылым дағдылары жүзеге асты. Лексикалық тақырып грамматикамен шебер ұштастырылды. Оқушылар сан есімді қайталады. «Ішіне-сыртына» әдісін пайдалана отырып, мәтіннен сан есімдерді тауып, есептік сан есімдерді ішіне, есептік сан есімдерден реттік сан есімдер жасап сыртына жазды.

Сабақ мақсатына жету үшін пайдаланылған тапсырмалар білім алушылардың жас ерекшелігіне сай, түсінікті болды. 

   Әр топқа жаңа тақырып төңірегінде тапсырмалар таратылды. Топқа бөлінген оқушылар бірлесе отырып ақылдасып, нәтижесінде топтаса отырып ортақ жауап тапты, сол арқылы тақырыптың мағынасын ашты. «Ақпаратты сүзу» әдісімен  мәтіннен негізгі және жанама ақпаратты анықтады. 

 «Білім шыңы» әдісімен топта жұптасып бір-бірімен сұрақ-жауап алмасты. Сұраққа жауап беру арқылы оқушылар пазл құрастырды.

Әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылды. Сабақ соңында сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдау үшін оқушыларға сөз бердім. Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасады, тақырып бойынша ойларын ашық айтуға тырысты. Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды. 

  Сабақта оқушылар не үйренді? 

Мәтіндегі негізгі және қосымша  ақпаратты анықтады, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстырды, реттік сан есімдер мен жинақтық сан есімдерді жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдана білді.

   Сыныпта жағымды ахуал қалыптасты. Оқушылар топтық, жұптық   және жеке жұмыстарды  орындады, кейбір оқушылардың қимылы баяу, белсенділігі төмен болды.  Алдағы уақытта белсенділігі төмен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргіземін. 

Ұсыныс: Тәжірибелі сабақ көрсетілді сол себепті,осындай сабақ үлгіде тәжірибе алмасу ұсынылады.

Юнусова О.А. 17.10.2023 жылы 3 «Г» сыныбында  қазақ тілі пәнінен «Еріншектің ертеңі бітпес» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар адам бойындағы жақсы қасиеттердің пайдасын нақтылады. Бойындағы жаман қасиеттермен күресу жолын қарастырды. Еріншек сөзінің сипаттамасын талқылады. Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары бойынша тапсырмалар орындалды. Сабақ барысында тапсырмалар төмендегі әдіс-тәсілдермен жүргізілді. 

   1. Болжау стратегиясы (ворд вол платформасы бойынша мақал-мәтелдерді дұрыс орналастыра отырып, сабақтың тақырыбын болжады.)

Бейнеролик арқылы еріншек деген не, қандай адамды еріншек деп айтамыз деген сұрақтарға жауап іздей отырып, білім алушылар өз ойларын еркін білдірді. 

  2. «Ойлан, ізден, тап» әдісі  ( слайдтағы берілген сөздікті оқи отырып, әр жерде ілулі тұрған сөздіктердің аудармасын табады. Оларды сөйлемдермен текереді. Дұрыс – бұрысын анықтайды.)

Мәтінмен жұмыс жүргізіліп, мәтінді оқып,  мәнін бойынша сұрақтарға жауап берді. Оқушылар кімнің іс-әрекеті дұрыс, кімнің әрекеті дұрыс емес өзара талқылады. Өмірмен байланыстыра мысалдар келтірді. 

  3. Жеке  жұмыс. «Хат сөйлесін»  әдісі

Оқушылар осы әдіс бойынша грамматикалық тапсырмаларды орындағы. Жіктік жалғауды орынды қолдан отырып, сөйлемді толықтырып тақтаға жазды. 

Пликерс, вордвол платформасы қолданылды. Оқушылар платформада еркін жұмыс жасап, тапсырма орындай алды. Білім алушылар тақырып бойынша өз ойын еркін жеткізе алмады. Тілдік қорлары жетілмеген. Балалар грамматикалық тапсырма орындауда қиындыққа ұшырамады. Ережелерді толық меңгерген. Алған білімін тақырып бойынша ойларын ашық айтуға үйренді.Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды.

Ұсыныс :Пән мұғалімдерінің  оқу мақсатына жету мен бағалау критерийін орындауда тәжірибе алмасуды қажет етеді.

Салпекова Айжан Ордабаевна   4 «Г» орыс сыныбында «Жаман жолдас» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Сабақта жағымды көңіл-күй қалыптастыру үшін «Шаттық шеңбері» әдісін пайдаланды. Оқушылар «Пазл» әдісі арқылы топқа бөлінді. Топ басшылары сайланып, бағалау парағы таратылып берілді.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы алдынғы бөлім бойынша алған білімдерін тексерді.

«Болжау» әдісін пайдаланып, оқушыларға әртүрлі сұрақтар қою арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашты.

1.Нағыз дос қандай болу керек ?

2.Сенің досың қандай? т.б

      Оқушыларды жаңа сабақтың тақырыбымен және сабақтың оқу мақсаттарымен таныстырып шықты. Оқушылардың назарына Астана туралы бейнебаян көрсетілді. Оқушылар жаңа сөздермен танысып, қайталап, сөз тіркестерін құрастырды.

      Келесі кезекте оқушылар әртүрлі тапсырмаларды орындады. Тыңдалым. Оқушылар мәтінді аудио арқылы тыңдап, «Топтастыру», «Сюрприз», «Попкорн», «Шыбын ұрғыш»әдістерін   пайдаланып, дос туралы айтып берді. Келесі тапсырмада оқушылар мәтінді  оқып, негізгі ойды анықтады.Берілген сөздердің синонимдерін өлең жолдарынан тапты. Әр оқушы өзінің шамасына қарай, өзі қалаған тапсырманы таңдап орындады. Дарынды оқушылар бірнеше тапсырманы үлгеріп орындап жатты.

     Сабақта төрт дағдының барлығы да қамтылды. Сабақта топтық, жұптық, жеке жұмыстар жүргізілді. Әр тапсырмаға міндетті түрде дескриптор беріліп отырды. Әр тапсырма сайын оқушылар бір –бірін «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалап отырды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып отырды. Мұғалім өз тарапынан оқушыларға ауызша кері байланыс беріп отырды. Ұсыныс: Тәжірибелі сабақ көрсетілді сол себепті,осындай сабақ үлгіде тәжірибе алмасу ұсынылады.

Омарбекова  Г.А. 23.10.2023 жылы 5 «Г» сыныбында  қазақ тілі пәнінен «Түлкі мен қырғауыл» тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

Сабақ барысында оқушылардың Түлкі мен қырғауыл тақырыбы төңірегінде  ертегімен толық танысты. Кейіпкерлерге мінездеме бере алды. Тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдылары жүзеге асырылды. 

Сабақ барысы төмендегідей әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылды.

Болжау стратегиясы (сурет  бойынша   тақырыпты  ашып,  өз ойларын білдірді.)

Білім алушыларға бейнежазба көрсетілді. Сол арқылы оқушылар ертегі мазмұнымен танысты. Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға еркін жауап берді. 

«Сәйкестендіру» әдісі  ( слайдтағы берілген сөздікті оқи отырып, қабырғадағы орысша сөздердің баламасын бір-бірімен сәйкестендірді)

Мәтін бойынша топтық тапсырмалар орындалды. Үш топқа үш түрлі тапсырма берілді. 

1-топ. Кейіпкерлерді олардың әрекетімен сәйкестендірді.

2-топ. Сұраққа үш нұсқаның ішінен дұрыс жауапты тауып айтты. 

3-топ. «Хикая картасы» әдісі. Мәтін мазмұнының желісі бойынша кестеде берілген етістіктер арқылы ертегінің мазмұнын баяндады. 

Жеке  жұмыс 

 Көп нүктенің орнына қажетті сөздерді жазып, сөйлемді толықтырды. 

Жұптық жұмыс 

Мәтін бойынша ертегі кейіпкерлерінің сөздерін рет-ретімен орналастырып, диалог құрастырды. 

Ерекше білім беруді қажет ететін білім алушыға арнайы тапсырламалар дайындалды. 

  1. «Сәйкестендіру» әдісі. Мәтін мазмұнына сәйкес сөздер мен сөз тіркестерін сәйкестендірді. 
  2. «Семантикалық карта» әдісі. Ертегі кейіпкерлеріне сай келетін типтік мінездерін белгіледі. 

Сабақ соңындаРефлексия «СМС» әдісі бойынша жүзеге асырылды. 

Әр оқушы сабақтан алған әсерін смс арқылы мұғалімге жолдады. 

Ұсыныс: Заманауи әдіс-тәсілдерді,платформаларды жұмыс барысында қолдану.

Бағалау  парағы арқылы оқушылар 10 баллдық жүйе арқылы бағаланды.

Суймбаева А.А.19.10.2023 жылы 5 «Е» сыныбында  қазақ тілі пәнінен «Қызғалдақты сақтайық!» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылардың Қызғалдақты сақтайық! тақырыбы төңірегінде   Қызғалдақтың түрелімен- қыр сырын,таным -  талғамын қалыптастырып,ауызекі тілде қолдана білуі , өз пікірлерін білдіру барысында айқын көрініс тапты.

Сабақ барысы төмендегідей әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылды.

   Болжау стратегиясы (сурет  пен бейнежазбаны көру бойынша  тақырыпты   ашып,  өз ойларын білдірді.)

Қызғалдақ туралы қысқаша түсініктеме және гүлдің түстері туралы мәлімет берілді.

«Қабырғадағы роль» әдісі  ( слайдтағы берілген сөздікті оқи отырып, қабырғадағы орысша сөздердің баламасын тауып қабырғаға жазды)

Мәтінмен жұмыс жүргізіліп, мәтінді оқып, ішінен тірек сөздерді тауып   астын   сызды, 

 мәтінге ат қойды,мәтін бойынша сұрақтар құрастырды,мәтінен сын есімдерін  тапты.

«Топтастыру» әдісі (Қызғалдақ түрлерін топтастырды)

  Жеке  жұмыс 

 Қызғалдақтар туралы шетелдік достарына хат жазды, 

 Сөздерді тіркестіріп,оларды қатыстырып сөйлем құрап жазды.

 Кімге қандай гүл сыйлау керек?Ойларын  жазды.

Гүл атауларын пайдаланып,сөйлем құрауға берілді.

Сабақ соңында  Рефлексия

Білім қоржыны арқылы кері байланыс алынды. 

Бағалау  парағы арқылы оқушылар 10 баллдық жүйе арқылы бағаланды.

Ұсыныс:Топтық,жұмыс түрлерін жандандыру,оқушылардың дұрыс жауап беруін қадағалау.

Наушабаева Г.Р.  5 «Д» сыныбында «Қожа әдепті бала » тақырыбында өтілген сабағында «болжау» әдісімен басталды. Мұғалім оқушыларға интербелсенді тақтадан суреттерді   көрсетіп, сабақ тақырыбын ашты. Оқушылар сабақ тақырыбын анықтап болған соң, мұғалім сабақ мақсатымен таныстырды. Сабаққа қатысты мәтінді оқушылар оқыды, әр сөйлемді аудармасын жасады. Жаңа сөздермен таныстырып бірнеше рет қайталатып оқытты. Мәтін мазмұнына сәйкес тапсырмалар  құрастырды.1.Сәйкестендіру 2.Дұрыс, бұрыс 3. Сабақ барысында топтық, жұптық, жеке жұмыстардың орындалуы үйлесімді тұрғысынан көрініс тапты. Интербелсенді тақтадан тапсырмалармен жұмыс жасап көрсетті . Оқушылар сабақ соңында бернеше сұрақтарға жауап берді.Мұғалім тарапынан кері байланыс сабақтың әр кезеңінде қолданыс   тапты. Сабақта қолданылған әдістер тиімді болды және сабақ мақсатына құрылған крийтерилер нақты екенін көрсетті.                                                                                                                 Ұсыныс: Сабақ барысында қазақ дәстүрін насихаттау көбірек қайталанып , әр сабақта көрініс тапса .   

   Тонбаева К.А. 26.10.2023 ж. 4 «Г» сыныбында «Мысық әтеш және түлкі » тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа 10 оқушы қатысты. Сынып сабақ басында 2 топқа бөлінді. Білім алушылар «Басбармақ» әдісімен өзін-өзі бағалады.

«Психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру: «Сенім аралы» 

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Оқушылар шеңбер болып отырады. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстап, «Мен саған сенемін, себебі сен ...» сөйлемді бір сөзбен аяқтайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады, соңында бір-бірлерінің қолдарын ұстайды.  Сөйлемді мынандай сөздермен аяқтайды: мейірімдісің, ақылдысың, әдептісің, ұқыптысың, тәртіптісің,  әдемісің, т.б.

  Үй тапсырмасын тексеру үшін «Ыстық орындық» әдісін қолданды.

 Жаңа сабақтың тақырыбын анықтауда «Болжау» әдісін  пайдаланды. Оқушылардың жаңа сабаққа қызығушылықтарын  ояту мақсатында көрсетілген «Мысық, әтеш және түлкі» тақырыбындағы ертегіні тамашалады. 

   Сабақ барысында тыңдалым, оқылым, айтылым,жазылым дағдылары жүзеге асты. Лексикалық тақырып грамматикамен шебер ұштастырылды. Оқушылар Жіктік жалғауын қайталады. Жаңа сөздерді тыңдайды, оқиды, мұғалім соңынан қайталайды. Оқушылар өз достары туралы пікір алмасады

Жаңа сөздерді жазады, сөз тіркестерін, сөйлем құрастырады .  Оқушылар топтық жұмыс жасайды Оқушылар өзара топта ақылдасып, әр топ суреттен не көріп тұрғанынды айтады.   Ертегі оқиғасын болжап айтады. Әр топтан ертегіні рөлге бөліп оқиды.

Оқушыларға «Сиқырлы сандық» әдісін қолданып Оқушылар сандықтан сұрақтар алып жылдам жауап береді. «Сәйкестендіру» әдісі арқылы берілген суреттерге сәйкес сөйлемдер тауып оқиды.

 Сабақ мақсатына жету үшін пайдаланылған тапсырмалар білім алушылардың жас ерекшелігіне сай, түсінікті болды. 

Әр тапсырмадан кейін қалыптастырушы бағалау жүзеге асырылды. Сабақ соңында сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, «Блоб ағашы» .Блоб ағашынан өзін тауып белгілейді, сабақтағы жетістіктері арқылы өз орнын түсіндіреді

  Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасады, тақырып бойынша ойларын ашық айтуға тырысты. Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды. 

  Сабақта оқушылар не үйренді? 

   Тыңдаған мәтін бойынша оқиғаның себеп-салдарлық байланысын (кейіпкерлер, оқиға) және негізгі ойды мұғалімнің қолдауымен анықтады   бейтаныс сөздер кездесетін шағын мәтіндегі негізгі ойды түсінді мәтіндегі негізгі ойды түсінеді,кейіпкердің жаман/жақсы қасиеттері туралы өз ойларын айтты.

   Сыныпта жағымды ахуал қалыптасты. Оқушылар топтық, жұптық   және жеке жұмыстарды  орындады, кейбір оқушылардың қимылы баяу, белсенділігі төмен болды.  Алдағы уақытта белсенділігі төмен оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізді.

 Тонбаева К.А.19.10.2023ж.  «Қазақ  тілі- мақтанышым!»  тақырыбында 4 сыныптар арасында сабақтан тыс іс-шара өткізді. 

Мақсаты:Оқушыларға еліміздің  елдігін танытатын оның  өшпес тілі екендігін ұғындыру,оны көздің қарашығындай сақтауға шақыру,ұлтжанды азамат болып өсуіне ықпал  ету.

Міндеттер:  1.Тілдің қоғамдық – әлеуметтік қызыметін таныттыру,тіл мерейін көтеру;

  2.Ойлау,шығармашылық қабілеттерін дамыту,пәнге деген  қызығушылығын арттыру,белсенділіктерін дамыту,шығармашылық  қабілеттерін арттыру.

3.Ізденімпаздыққа,шешендікке,ізгілікке,шапшаңдылыққа,тиянақтылыққа,тілді құрметтеуге тәрбиелеу;

Сайыс 7 кезеңнен тұрады:

1.      Таныстыру

2.      «Сөз тапқанға»

3.      «Ойлан,тап!»

4.      «Сен,білесің бе?»

5.      «Сөзтізбе»

6.      «Кім жылдам»

7.      Қорытынды.

Ғалым Халел Досмұхамедұлы былай деген екен: «Мектепте қолданудан қалған тіл – шатасқан тіл.Ол ел сорлы ел.Ана тілін білмей тұрып,бөтенше жақсы сөйлесең,ол күйініш.Ана тілін жақсы біліп тұрып,бөтенше жақсы сөйлесең,бұл сүйініш.Өз тілін білмей тұрып,жат елге еліктей  беру – зор қате».Біз тілімізге құрмет жасау арқылы елімізге құрмет жасаймыз.Олай болса достар өз тілімізді құрметтейік,қадірлейік. Сол үшін төртінші сынып оқушыларын топқа бөліп сайыс өткізді. Екі топта жақсы өнер көрсетіп сайыс мәресіне жетті.  

Рыскулова А.Ж. 24.10.2023ж.  «Сабақ үдерісінде тілдік дағдыларды дамытудың тиімді жолдары» тақырыбында пән мұғалімдерімен коучинг өткізді. 

Коучинг   мақсаты: сабақта тілдік дағдыларды дамытудың тиімді жолдарын қарастыру, оқу сапасын арттыруда тілдік дағдыларды дамытудың маңыздылығын таныту;

Қазіргі таңда оқушылар арасында айтылым мен тыңдалым барысында, жазылым мен оқылым барысында   көптеген кедергілер кездесіп жатады. Кейбір оқушылар мүлдем ғылымға негізсіз грамматикалық тұлғаларды қолданады. Әдеби тілдік нормадан ауытқушылық пен қосымшалардың дұрыс жалғанбауы жиі кездесіп жатады.

-Мұндай кемшіліктер қайдан туындап жатыр?

-Бұл кедергілерді қалай жеңуге болады? деген сұрақтар төңірегінде ой бөлісті.

    Коучинг барысында мұғалімдер тілдік дағдыларды дамытудың тиімді жолдарын қарастырды, оқушылардың сөйлеу тілінің дамуын сөйлесім әрекеті түрлерімен(тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бірлікте қарастырды, оқушы білімін бағалауда тілдік дағдыларды игеру деңгейін сараптады;

    Коучингке қазақ тілі мен әдебиеті пән мүғалімдері түгел қатысып өз ойларымен бөлісіп, белсенділік  танытты.Мұғалімдер ресурстар бойынша топта жұмыс істей отырып, сұрақтарға жауап іздеп,  постер жасады. Семинардың соңында кері байланыс жасалып, мәселелер анықталды.