Кезектен тыс педагогикалық кеңес » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кезектен тыс педагогикалық кеңес
15
сәуір
2026

Кезектен тыс педагогикалық кеңес

2026 жылғы 15 сәуір күні №44 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында кезектен тыс педагогикалық кеңес өткізілді.

Кеңестің бірінші мәселесі бойынша білім алушыларды аралық және қорытынды аттестаттаудан босату тәртібі қарастырылды. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің нормативтік құжаттарына сәйкес, денсаулық жағдайына, ерекше білім беру қажеттіліктеріне және басқа да заңда көрсетілген негіздерге байланысты кейбір білім алушыларды аттестаттаудан босату мүмкіндігі түсіндірілді. Педагогтарға тиісті құжаттарды рәсімдеу тәртібі мен талаптары таныстырылып, заңдылықты қатаң сақтау қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар, педагогтар «Білім алушыларды «Қазақ тілі» және «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәндерінен 5–8, 10-сыныптарда аралық аттестаттау бойынша әдістемелік ұсыныммен» таныстырылды. Әдістемелік ұсынымда аттестаттаудың мақсаты, өткізу тәртібі, тапсырма түрлері, бағалау критерийлері мен дескрипторлар жан-жақты түсіндірілді.

Педагогтарға аралық аттестаттауды ұйымдастыру барысында әдістемелік талаптарды қатаң сақтау, бағалау үдерісінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету, сондай-ақ академиялық адалдық қағидаларын ұстану қажеттігі ерекше атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша білім алушыларды аттестаттауды талапқа сай ұйымдастыру, әдістемелік ұсынымды басшылыққа алу және білім сапасын арттыру бағытында нақты міндеттер белгіленді.