Педагогикалық кеңес № 4 » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагогикалық кеңес № 4
27
наурыз
2026

Педагогикалық кеңес № 4

2026 жылдың 27 наурыз күні №44 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында №4 педагогикалық кеңес отырысы өткізілді. Педагогикалық кеңес мектептің оқу-тәрбие үдерісінің сапасын арттыру, білім алушылардың оқу жетістіктерін талдау және педагогикалық қызметтің тиімділігін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібінде келесі маңызды мәселелер қарастырылды:
1. №3 педагогикалық кеңес шешімдерінің орындалуы
2. ІІІ тоқсан қорытындысы бойынша білім сапасының нәтижелері (2–9 гимназия сыныптары)
3. Тамақтандыру сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия жұмысы
4. Үйден оқытылатын оқушылардың оқу нәтижелері
5. «Алтын белгі» үміткерлерінен алынған облыстық бақылау жұмысы мен эссе нәтижелерін талдау
Педагогикалық кеңес барысында күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды. Әр бағыт бойынша жауапты тұлғаларға нақты міндеттер жүктеліп, оқу жылының келесі кезеңінде атқарылатын жұмыстардың басым бағыттары белгіленді.