Ата-аналар жиналысы. ҰБТ-2026 » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар жиналысы. ҰБТ-2026
10
қараша
2025

Ата-аналар жиналысы. ҰБТ-2026

Ата-аналар жиналысының

ХАТТАМАСЫ

Өткізілген  күні: 10.11.2025 жыл

Қатысқандармектеп директоры, ДОЖО 

11-сынып оқушылары мен ата-аналары,

 пән мұғалімдері 

және сынып жетекшілер.  


                                                                       Күн тәртібінде:
 1. Жаңа форматтағы «ҰБТ-2026» ережесімен таныстыру.

2. Оқушылардың №1 байқау сынағының қорытындысы.


Тыңдалды: 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша ДОЖО Г.К.Аликулова «ҰБТ–2026» жаңа форматы туралы ақпарат берді. Енгізілетін өзгерістер, пән таңдау, тест құрылымы, талаптар және қабылдау шарттары талқыланды. 

Ұлттық бірыңғай тестілеудің 2026 жылғы форматына бірқатар жаңашылдықтар енгізіледі. Бұл өзгерістер білім сапасын арттыруға, жоғары оқу орындарына әділ қабылдау жүйесін қамтамасыз етуге бағытталған.  

Маңызды өзгерістер мен ерекшеліктер:  

1. Тапсыру форматы:  

   – Компьютерлік формат сақталады.  

   – Әр оқушыға тестілеуге 2 рет (негізгі кезеңде) қатысу мүмкіндігі беріледі.  

2. Пән таңдаудағы өзгерістер:  

   – Міндетті пәндер: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық.  

   – Таңдау пәндері бұрынғыдай бейіндік бағыт бойынша таңдалады (мысалы, физика + математика, химия + биология және т.б.).  

   – Креативті ойлау мен логикаға байланысты тапсырмалар үлесі артады.  

3. Жаңаша бағалау:  

   – Тест сұрақтарының сапасы күшейтіліп, күрделілігі артады.  

   – Кейбір сұрақтарға кеңірек ойлауды қажет ететін ашық жауап түрлері қосылады.  

   – Әр пән бойынша бөлек шекті балл енгізіледі.  

4. Қауіпсіздік пен әділдік:  

   – Жүйеге прокторинг және бейнебақылау талаптары күшейтіледі.  

   – Тестілеу нәтижесі бойынша апелляция мүмкіндігі қарастырылған.  

5. ЖОО-ға қабылдау:  

– Гранттар мамандыққа емес, білім беру бағдарламасы тобына бөлінеді.

– ҰБТ нәтижесімен бірге, портфолио немесе шығармашылық емтихан қажет болатын мамандықтар үшін қосымша шарттар енгізіледі.   

ҰБТ қаңтар, наурыз, мамыр-маусым және тамыз айларында жүзеге асырылады. Тіркелу мерзімдері алдын ала айтылатынын ескертті. ҰБТ  өтініштерді қабылдау ҰТО сайтындағы жеке кабинет арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу немесе ақылы оқуға қабылдау үшін шекті балл (оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылықтан-3, Қазақстан тарихынан-5, бейіндік пәндерден-5) және ҰБТ форматы бойынша жалпы балл-140, тапсырма саны-120, тестілеуге жалпы уақыт-240 минут екенін хабардар етті. ҰБТ-да таңдалған бейіндік пәндер комбинациялары мен  тест сайттары туралы таныстырып өтті. Тестілеуге рұқсат етілмейді:

1. Аудиториядан (компьютерлік сыныптан) тестілеу әкімшісінің рҧқсатынсыз 10 минуттан артық шығуға; 

2.  Сөйлесуге, орын ауыстыруға; 

3. Құжаттармен, кез келген тыйым салынған заттармен ;

4. Тыйым салынған заттарды: фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, смарт кӛзілдірік, фитнес білезіктер (трекерлер), диктофон, сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамераларды, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларды, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерді, қашықтан басқару қҧрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жҧмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вайфай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), сондай-ақ шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, Менделеев кестесі және ерігіштігі кестесі, калькулятор, барлық тҥрдегі және нысандағы қағаздарды алып кіруіне және/немесе қолдануына  және т.б. 

   ҰБТ сертификатын тексеру certificate.testcenter.kz сайтында ЖСН мен ТЖК енгізу арқылы жүзеге асырылады.  Білім беру гранты куәліктерін тексеру grant.testcenter.kz сайт арқылы жүзеге асырылатынын айтты. 

ҰБТ–2026 форматы оқушылардың тек есте сақтау қабілетін емес, логикалық, сыни және шығармашылық ойлауын бағалауға бағытталып отыр. Сондықтан оқушылар терең дайындықпен, функционалдық сауаттылыққа негізделген біліммен қарулануы қажет. 

ҰБТ қаңтар, наурыз, мамыр-маусым және тамыз айларында жүзеге асырылады. Тіркелу мерзімдері алдын ала айтылатынын ескертті. ҰБТ  өтініштерді қабылдау ҰТО сайтындағы жеке кабинет арқылы онлайн режимде жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу немесе ақылы оқуға қабылдау үшін шекті балл (оқу сауаттылығы мен математикалық сауаттылықтан-3, Қазақстан тарихынан-5, бейіндік пәндерден-5) және ҰБТ форматы бойынша жалпы балл-140, тапсырма саны-120, тестілеуге жалпы уақыт-240 минут екенін хабардар етті. ҰБТ-да таңдалған бейіндік пәндер комбинациялары мен  тест сайттары туралы таныстырып өтті. Тестілеуге рұқсат етілмейді:

1. Аудиториядан (компьютерлік сыныптан) тестілеу әкімшісінің рҧқсатынсыз 10 минуттан артық шығуға; 

2.  Сөйлесуге, орын ауыстыруға; 

3. Құжаттармен, кез келген тыйым салынған заттармен ;

4. Тыйым салынған заттарды: фотоаппарат, ақпараттарды тасымалдау функциясымен жабдықталған кез келген ұялы байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар, планшеттер, iPad (Айпад), iPod (Айпод), SmartPhone (Смартфон), рациялар, ноутбуктер, плейерлер, модемдер (мобильді роутерлер), смарт сағаттар, смарт кӛзілдірік, фитнес білезіктер (трекерлер), диктофон, сымды және сымсыз құлаққаптар, микроқұлаққаптар, сымсыз бейнекамераларды, GPS (ДжиПиЭс) навигаторларды, GPS (ДжиПиЭс) трекерлерді, қашықтан басқару қҧрылғыларын, сондай-ақ келесі стандарттарда жҧмыс істейтін басқа да ақпарат алмасу құрылғыларын: GSM (ДжиСиМ), 3G (3 Джи), 4G (4 Джи), 5G (5 Джи), VHF (ВиЭйчЭф), UHF (ЮЭйчЭф), Wi-Fi (Вайфай), GPS (ДжиПиЭс), Bluetooth (Блютуз), Dect (Дект), сондай-ақ шпаргалкалар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, Менделеев кестесі және ерігіштігі кестесі, калькулятор, барлық тҥрдегі және нысандағы қағаздарды алып кіруіне және/немесе қолдануына  және т.б. 

   ҰБТ сертификатын тексеру certificate.testcenter.kz сайтында ЖСН мен ТЖК енгізу арқылы жүзеге асырылады.  Білім беру гранты куәліктерін тексеру grant.testcenter.kz сайт арқылы жүзеге асырылатынын айтты. 


Сөйледі: Мектеп директоры Б.Т.Қыстауов.

«ҰБТ–2026» форматына енгізіліп жатқан өзгерістер – тек білім көлемін ғана емес, оны практикада қолдана білу, сыни ойлау, логикалық тұжырым жасау, функционалдық сауаттылық деңгейін бағалауға бағытталған. Бұл талаптар білім алушылардан терең түсінік пен жан-жақты дайындықты талап етеді.   

Сондықтан біз, педагогтер, өз пәніміз бойынша оқу мазмұнын қайта қарап, тапсырмаларды жаңа форматқа бейімдеуіміз керек. Әсіресе, оқушылардың шығармашылық қабілетін, пәндік құзыреттілігін арттыратын жаттығулар мен тапсырмалар жүйесін енгізу аса маңызды.  

Сонымен қатар, әр оқушының жеке ерекшелігіне қарай дайындық жүргізу, байқау тестілерін талдау, кері байланыс беру, ата-аналармен тығыз қарым-қатынасты орнату – ортақ мақсатқа жетудің тиімді жолы болмақ.  

ҰБТ – білім сапасының айнасы. Біз бұл сынаққа тек оқушыны ғана емес, бүкіл мектеп ұжымын сапалы дайындауға міндеттіміз.


Шешім етті:

1. «ҰБТ–2026» жаңа форматы туралы мектеп ұжымы толық таныстырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізу жалғастырылсын.  

2. Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдері ата-аналармен бірлескен жұмыс жүргізіп, оқушылардың білім траекториясын қадағалап отырсын.  

3. Байқау сынақтарының нәтижесі тұрақты талданып, оқушылармен жекелей жұмыс ұйымдастырылсын.  


2.Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша ДОЖО Г.К.Аликулова №1 байқау сынағының қорытындысымен таныстырды. Байқауға 11-сыныптың 54 оқушысы қатысты. Орташа балл — 78 балл. Жоғары балл жинаған оқушылар: Мұрат Мирас, Қоныс Іңкәр, Амирханов Кадир, Адильханов Юсуф, Забитов Исмаил.  Төмен нәтиже көрсетіп шекті балды жинай алмаған оқушылар: Бақтыбай Алимуса, Муратбек Аспандияр , Мамыралы Нурасыл, Емберген Ерсайын.  

Талқылау: Пән мұғалімдері нәтижелер бойынша пікір білдіріп, оқушылармен жеке жұмыс жүргізу, тақырыптық тест тапсырмаларын жиі өткізу жөнінде ұсыныстар айтты.


Сөйледі: Мектеп директоры Б.Т.Қыстауов.

ҰБТ дайындықты анықтау мақсатында сыныптардан  қыркүйек айында сынама тест алынғанын айтты. Алынған тест нәтижелерін жан-жақты талдап, оқушылардың алған білімдерінің қорытындысымен таныстырды. Ең жоғары және ең төмен балл жинаған оқушыларға тоқталды.  Биылғы оқу жылында 11-сыныптардың ҰБТ дайындығын күшейту мақсатында мектепте арнайы дайындық сабақтар кестесі жасалып, соған сәйкес қосымша сабақтарға оқушылардың қатысуын қамтамасыз етуді сұранды. 

Сынып жетекшілер сөз алды.

     Манкеева А, Сейтжапарова А, Мырсеитова Л, Агезова З сыныптарындағы ҰБТ баратын оқушылар тізімі мен олардың таңдау пәндеріне тоқталды. Сыныптарда ҰБТ тапсырмайтын оқушылар тізімін ұсынды. 

11-сынып ата –анасы М.Қалабаева сөз алды.Мектеп тарапынан жасалынып жатқан жұмысты толығымен қолдайтыны туралы айта келе, ата-аналар жиналысында талқылаған мәселелердің маңыздылығын атап өтті.
 
 

Шешім етті:
 1. №1 байқау сынағының қорытындысы негізінде сыныптар бойынша талдау жүргізіліп, әр пән бойынша білім деңгейі анықталсын.  

2. Төмен нәтиже көрсеткен оқушылармен жекелей жұмыс ұйымдастырылып, қосымша дайындық сабақтары өткізілсін.  

3. Пән мұғалімдері байқау сынағы нәтижесіне сәйкес тақырыптық қайталау және білімді толықтыру жұмыстарын жоспарласын.  

4. Сынып жетекшілері ата-аналармен кері байланыс орнатып, оқушы жетістіктері туралы хабарлап отырсын.  

5. Келесі байқау сынағына дейін оқу үлгерімін арттыру бойынша нақты әрекеттер бақылауда болсын.
 
 


 
 

Хатшы:              Л.Е.Мырсеитова