Мектеп тарихы
ИВАННИКОВА А.И.
Мектеп өз биографиясын 1971 жылдан бастайды. Мектепті қалыптастырудың басында оның алғашқы директоры тұрды.
ЛАВРИНЕНКО В.Т.
1963 жылдан 1975 жылдар аралығында басқарды. Алғашында мектептің құрылысымен, кейін өзі сол мектепті басқарды.
АБАШЕВ Е.А.
1975 жылдан 1982 жылдар аралығында жұмыс жасады.
ОЛЖАБАЕВ Т.Д.
1982-1984 жылдар аралығында басқарды. Бұл кісінің басқаруы кезінде мектеп алаңына талдар отырғызылып, спорт кешені жасалынды. Акт залына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
АБДЫХАЛЫҚОВ К.А.
1984-1994 жылдар аралығында басқарды. Ол басқару кезінде түрік тілі кабинеті, лингофонды кабинеті және кітапхана кешені жасалынып, мектеп сырты мәрмәр таспен қапталды.
АЛЬМЕЙІЗОВА Б.Т.
1994- жылдан 2010-жылдар аралығында басқарды. Бұл кісі кезінде кабинеттер жасақталып, құқық негіздері, компьютерлік сыныптар ашылды. 1998 жылы оқушыларға арнайы киім шешетін бөлме жасақталды. Мектептің барлық шатыры жаңадан жаңартылды. 2001-2002 жылдары мектептің жылыту қазандық жүйесі салынды. Мектептің ауыз су құбырлары толық жөнделді. Мультимедиялық кабинеттер алғаш рет ашылды. Базаркүл Темірбайқызы жеке тұлғаның қалыптасуына бағытталған мектептің тәрбие жұмысына үлкен көңіл бөлді.
БЕКСҰЛТАНОВА М.Б.
2010-жылдан 2011 жылға дейін басқарды. Жылыту жағдайына арналған бастырма жасалынды.
ҚОНҚАБАЕВ Н.Ә.
2011 жылдан қазіргі кеге дейін басқарып келеді. Жылыту жүйесі сұйық отын газға қосылды. Оқу ісі орынбасарлары кабинеттері, мұғалімдер бөлмесі және пәндік кабинеттері қайта талапқа сай жаңартылып, кеңейтілді. Мұғалімдерге арналған демалыс бөлмесін жасады. Мектеп асханасына қажетті жаңа аспаз құралдары алынды. Акт залы сахнасы әрленді, оқу кабинеттеріне, акт залы мен спорт залдарын жылыту жүйесіне қосты. Ниетқали Әбдімомынұлының басты мақсаты - инновациялық технологияны пайдалана отырып, оқу үрдісінде жаңа әдістер мен формаларды қолдану арқылы оқытудың сапасын арттыру болып табылады.