15
желтоқсан
2022
«Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру жолдары» тақырыбы аясында өткен ата аналар мен құқық қорғау органы қызметкерлерімен өткен кездесу туралы
Жиналыста жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мен мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.А. Андрееваның отбасында бала тәрбиесіне ата аналар ықпалын арттыру мақсатында ұйымдастырған «Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын үйлестіру жолдары» тақырыбында коучинг-сессиямен басталды. Ата аналарға стикер арқылы 3 топқа бөлініп тапсырма берілді. Тақырыбындағы сұрақтарды талқылай отырып, постер құрап қорғап шықты. «Жақсы ата ана бола білейік!» тақырыбында жадынама таратылды. Дөңгелек үстел соңында әкелер «Тілек ағашына» жылы лебіздерін білдірді. Дөңгелек үстелге қатысушы Меркі АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторы А.С.Алишев әкелерге бала тәрбиесіне ең бірінші отбасындағы ата-аналардың жауапкершілігі туралы ескертті, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты көп жағыдайда қалдағалаусыз қалған балалар жасайды.