«Есірткі тұтынушылар мен өндірушілерге қарсы қолданылатын заңдар мен жаза»
2026 жылдың 1-30 сәуір аралығында №44 жалпы орта білім беретін мектеп-гимназиясында іс-шаралар жоспарына сәйкес 8-9 сынып білім алушыларымен кездесу ұйымдастырып «Есірткі тұқтынушылар мен өндірушілерге қарсы қолданылатын заңдар мен жаза» және «Вейіп, электронды темекінің зияны» тақырыбында білім алушыларға ДҚТЖО А.Шашубаева дәріс оқып, вейіп, электронды темекі мен насыбайдың зияны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізсе, Меркі АПБ ЮПТ мектеп инспекторы А.Оңал білім алушыларға «Есірткі тұқтынушылар мен өндірушілерге қарсы қолданылатын заңдар мен жаза туралы әңгіме жүргізіп, қолданылатын жаза туралы айтып, мысал келтіріп талқылады.
Іс-шараның мақсаты: балалардың өмірге, әсіресе адамзат ұрпағына деген аяушылық сезімін, жаман әдеттен, зиянды заттарды қолданудан бойларын аулақ ұстауын, білім алушының санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болуын қалыптастыру, дамыту; білім алушыларға еліміздің болашағы жастардың қолында екенін айта отырып, болашаққа деген көзқарасын қалыптастыру.