16
қазан
2023
«Буккросинг – бірге оқимыз: кітаптың айналыста жүруі – Bookcrossing Книговорот» акция
«Оқуға құштар мектеп» жобасын іске асыру аясында "Буккросинг – бірге оқимыз"атты акциясы мектеп кітапханасында мұғалімдер мен оқушылардың атсалысуымен 16 қазанда өткізілді. Бұл акцияның негізгі мақсаты игі іс жасау, яғни өзіңіздің сүйіп оқыған кітабыңызды басқа да оқырмандармен бөлісіп, оларға да түрлі жанрдағы кітаптарды оқуға мүмкіндік беру. Бұл акцияның ерекшелігі ешқандай оқырманға формуляр ашылмайды және акцияға берілген кітапты алған оқырман өзінің қаншалықты кітапқа жауапты екенін білу керек. Яғни кітапты кері қайтаруы оқырманның негізгі жауапкершілігі болып табылады.