«Қауіпсіз жол жүрісі апталығы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қауіпсіз жол жүрісі апталығы
21
қараша
2018

«Қауіпсіз жол жүрісі апталығы

"Қауіпсіз жол жүрісі" апталығы

«Бала – басты жолаушы екенін ешкім жоққа шығармайды. Көлік апаты орын алған жағдайда көп жағдайда зардап шегетін де – балалар.

Жасөспірімдердің қыс мезгілінде өмір қауіпсіздігіне, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың, балалардың жарақат алуының, бала өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын күтпеген оқиғалардың алдын алу және ескерту қамтамасыз ету мақсатында қыс мезгілінде балаларға жолда жүру ережесімен және қыс мезгіліндегі жол белгілерімен таныстыру акция шеңберінде «Сіздің жолаушыңыз – бала!»тақырыбында ата –аналарға арналған насихат акциясы аясында брифинг өткізіліп, балалардың жарық шағылыстаратын элементтерді (фликерлер) пайдалану қажеттілігіне назарлары аударылды.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Ал оқушыларға жол жүру ережелерін таныстырып, үйретіп жүргенімізге де біраз уақыт болды. Осы уақыт ішінде олар көшелер мен жолдарда қойылатын белгілермен танысты.

Алғанбілімдерін «Жолы болсын әркімнің, орында жол тәртібін!»тақырыбында жол ережелеріне арналған тәрбие сағатында көрсете білді.


Меркі АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ-ның инспекторы

полиция аға лейтенанты Е.А Оспанбеков