"Жас маман-2026" » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72632)43-61-40
Есепші бөлімі:
+7(72636) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
04
мамыр
2026

"Жас маман-2026"

«Жас маман – 2026» мектепішілік байқауының II кезеңі жоғары деңгейде өтті.
Аталған байқау жас педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және тәжірибе алмасуына бағытталды.
Байқаудың I кезеңі – «Сабақтар шеруі» аясында жас мамандар ашық сабақтар өткізіп, өздерінің білім деңгейі мен әдістемелік шеберліктерін көрсетті. Ал II кезеңде қатысушылар «Электронды портфолио», «Эврика! Өзгерістер әкелетін идея» және «Мұғалімнің хоббиі» кезеңдері бойынша бақ сынады.
Қатысушылар өздерінің жаңашылдығын, креативтілігін және жан-жақтылығын дәлелдей білді.
Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, барлық қатысушылар дипломдармен марапатталды.
Осындай байқаулар жас мамандардың кәсіби дамуына үлкен серпін береді.