06
қыркүйек
2023
Жадынама.Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі туралы
Жадынама
Мектепке дейінгі, орта білім беру және мектептен тыс қосымша білім
беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың
үлгілік қағидалары және оны сайлау тәртібі туралы
- Тиісті саланың уәкілетті органы немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы орган күнтізбелік жылдың 1 мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде (Қамқоршылық кеңестің өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде) Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарландыруды, оның атауын, сапалық құрамын, сондай-ақ Қағиданың 9-тармағына сәйкес құжаттар мен мәліметтер жіберілетін почта және электрондық мекенжайларды көрсете отырып, өзінің интернет-ресурсында және/немесе тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымында қазақ және орыс тілдерінде жариялайды.
- Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.
- Барлық қажетті рәсімдерді ескере отырып, Қамқоршылық кеңесті сайлау күнтізбелік жылдың 30 қазаннан кешіктірілмей аяқталады.
- Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға (АББ) мынадай құжаттарды ұсынады:
- өтінім (еркін түрде);
- үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
- білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
- ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
- Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
- Қамқоршылық кеңестің құрамына (құрамы өзгереді, қосымшаға сәйкес қарау керек):
- осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;
- педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;
- жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;
- үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;
- қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;
- бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;
- оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам.
Қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны тақ, кемінде 9 (тоғыз) адамнан құрылады (бір-бірімен және сол білім беру ұйымының басшысымен ешқандай туыстық және жекжаттық қатынасы жоқ).
Қамқоршылық кеңестің өкілеттілік мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.
- Қамқоршылық кеңес мүшелігіне үміткерлер:
Үміткерлерді ата-аналар жұртшылығының жалпы жиналысында іріктеуден өткен білім беру
ұйымдары ұсынады. Ата-аналар жұртшылығынан үміткерлердің тізімі (әрбір сынып параллельінен
осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) Қағидалардың 9-
тармағында көрсетілген құжаттармен:
- өтінім (еркін түрде);
- үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
- қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;
- білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);
- ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.
- Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.
- Үміткерлердің құжаттарын тиісті саланың уәкілетті органына немесе білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органға жіберіледі (АББ).