№44 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-11сынып білім алушыларымен жастар ресурстық орталығының бизнес тренер Малдыбайқызы Айжанат және инспектор Алпысбай Нұржігіт «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша кездесу өткізді.
№44 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-11сынып білім алушыларымен жастар ресурстық орталығының бизнес тренер Малдыбайқызы Айжанат және инспектор Алпысбай Нұржігіт «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша кездесу өткізді.
Бағдарлама мақсаты - халқы тығыз орналасқан еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жастарды кадр жетіспеушілігі байқалған Қазақстанның солтүстік, батыс және шығыс өңірлерінде оқытып, жұмысқа орналастыратынын айтып өтті.
«Серпін» бағдарламасымен грант негізінде оқуға түскен студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі және оқу бітірген соң жұмысқа тұруға университет ықпал жасайды. Сонымен қатар «Серпінмен» колледжге түскендердің басқа колледж гранттарынан айырмашылығы, бізде жылына 2 рет жол шығындары төленеді және қыстық киімдер алуға 60 мыңнан астам теңге бөлініп, барлығына 3 мезгіл ыстық тамақ беріледі. Мұнда да оқыған өңірінде қоныстанып қалған түлектерді жұмыспен қамту жан-жақты қарастырылған. Жоғар оқу орыны болсын, колледж болсын жоба бойынша жастарға дуальді білім беру, болашақ жұмыс берушімен тікелей байланыс орнатып, тәжірибелерді сол мекемелерде өту арқылы келешекте жұмыс таңдау мүмкіншіліктерін беру талабы қойылған. Нәтижесінде оқып жүріп болашақ жұмыс беруші мекемелерде тәжірибе жинаған жастар, оқу бітірген соң сол жерге оңай жұмысқа орналасып, ортаға тез сіңісіп кететінін айтты.
Серпін жобасына Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының жастары қатыса алады. ЖОО-на түсу үшін түлектер ҰБТ немесе кешенді тестілеуге қатысуы тиіс. ҰБТ мен кешенді тестілеуден кем дегенде, 50 баллдан кем емес және де таңдау пәнінің ұпайы кем дегенде 7 баллдан төмен болмауы тиіс. Ал, колледждер үшін ҰБТ және кешенді тестлеу тапсыру шарты жоқ. Колледждерге биыл болсын, бұдан бірнеше жыл бұрын болсын 11 сынып бітірген түлектер конкурс арқылы түсе алады. Кездесу соңында оқушылар сұрақтарын қойып пікір алмасты.