03
мамыр
2023
«Жау тылындағы бала» повесі бойынша оқырман конференциясы
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында № 44 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 7 сынып арасында Қазақстанның Халық қаһарманы Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті Қасым Қайсеновтың 105 жылдық мерейтойына орай «Жау тылындағы бала» повесі бойынша оқырман конференциясы өтті. Конференцияға 18 оқушы қатысты. Жүлделі І орынды 7«Б» сыныбы иеленсе, ал ІІ орынды 7 «А» сыныбы, ІІІ жүлделі орынды 7 «В» сыныбы иеленді.