АКТ » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632)43-61-40
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
28
қаңтар
2022

АКТ


№44 ЖОББМ бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бракераж комиссиясы жұмысының қорытындысы туралы

 АНЫҚТАМА 


28 қаңтар  күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Нәтижесінде, тексеру соңынан  актпен рәсімделіп, комиссия отырысында қаралып, талқыланды. Жүргізілген асханадағы тексеру сарапталып, талқыланып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Аталған  кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды. 

    Тамақтануға асханаға кірерде дәлізде қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер болмағандықтан, қағаз сүлгілер пайдаланылады. Білім алушыларға арналған қол жуатын 3 раковина бар. Раковиналарға қолданыға ыңғайлы  сұйық сабындар қойылған.

Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған.Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Кептіру үшін синтетикалық матадан жасалған сүлгілерді пайдаланған. Бір реттік қағаз сүлгілерді пайдалу керектігі ескерілмеген. 

Ас блогындағы жуу құралдарын жаңарту керектігі ескертілді. Ыдыстарды жууға пешке су жылытып жуады, асханада ыстық сумен жабдықтау жылытқыштар қарастырылмаған.

Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған арнайы шкафтар қарастырылған. Заттарын арнайы киім сақтауға арналған ілгіштерге ілген. 

 Мектептің материалдық базасында персоналдарға арналған душ қарастырылмаған. 

           Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термомертлер бар. Тауар көршілестігін сақтау талаптары ескерілген.

Медицина қызметкері М.Мавлюдоваға «С-дәрімендендіру» журналына толықтырулар енгізу қажеттігі ескертілді.






Похожие публикации:

17 наурыз 2022 АКТ
22 ақпан 2022 АКТ
24 қараша 2021 АКТ
14 қазан 2021 АКТ
19 қыркүйек 2021 АКТ