АКТ


№44 ЖОББМ бойынша наурыз айындағы тамақтану сапасына мониторинг жүргізу қорытындысы туралы
АНЫҚТАМА
17наурыз күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныс берілді. Анықталған кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды.
Асхананың пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Кептіру үшін синтетикалық матадан жасалған сүлгілерді пайдаланған. Бір реттік қағаз сүлгілерді пайдалу керектігі ескерілмеген.
Дәлізде асханаға кіреберіс жерде қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер болмағандықтан, қағаз сүлгілер пайдаланылады. Білім алушыларға арналған қол жуатын 3раковина бар.
Ас блогында ыстық сумен жабдықтау жүйелерінің, су жылытқыштардың жарамдылығы бойынша ыдыс жууға суды бөлек ыдыста пештің үстінде жылытып алады. Себебі ыстық сумен жабдықтау жүйелері, су жылытқыштар қарастырылмаған.
Пісіру цехында электр пешінің астыңғы бөлігі істемей (замыкать) етіп тұр.Электр пешіінің астыыңғы білігін жөндеу жұмыстары ДШІЖО орынбасары С.Ш.Исмаиловқа тапсырылды.
Мектептің материалдық базасында персоналдарға арналған душ қарастырылмаған.
Тексеру нәтижесінде асханада ауыз су режиміне қойылатын талаптардың сақталмағаны анықталды. ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы №ҚР ДСМ-76 бұйрығымен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық қағидаларының 3-тарау 28 тармағында көрсетілген «Қайнаған ауыз су 3 сағаттан аспай сақталған жағдайда оны пайдалануға жол беріледі» талаптар орындалмаған. Қайнаған судың ауыстырылған уақыты мен ауыстыру кестесі көрсетілмеген.
Мектеп асханасының тамақтану бөлімінде қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер болмағандықтан, қағаз сүлгілер пайдаланылады. Білім алушыларға арналған қол жуатын 4 раковина бар.
Ас блогында ыдыс жуатын су бұру жүйелерінің бірі істен шыққан. Оны ауыстыру ДШІЖО орынбасары Ж. Иманбаевқа тапсырылды.
Ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған. Бірақ ас блогының үй-жайын тазалау кестесі ілінбеген.
Қойма, ет цехы, нан цехы бөліктерінде санитарлық талаптар сақталған. Тоңазытқыштарда жабдық мақсаты көрсетілген. Температуралық режим сақталған. Термомертлер бар. Тауар көршілестігін сақтау талаптары бұзылған. Тексеру барысында сүт өнімдері мен көкөністер бір сөреде қатар қойылған. Өнімдерді сақтау режимі ескерілмеген.
Пісіру цехында персоналдың қолын жууы үшін арнайы орын қарастырылған. Кептіру үшін синтетикалық матадан жасалған сүлгілерді пайдаланған. Бір реттік қағаз сүлгілерді пайдалу керектігі ескерілмеген.
Персоналдарға арналған тұрмыстық бөлмеде қызметкерлердің жеке заттарын сақтауға арналған арнайы шкафтар қарастырылмаған. Заттары арнайы киім сақтауға арналған шкафтарға ілінген.
Мектептің материалдық базасында персоналдарға арналған душ қарастырылмаған.