АКТ


№44 ЖОББМ бойынша тамақтану сапасына мониторинг жүргізу бракераж комиссиясы жұмысының қорытындысы туралы
АНЫҚТАМА
2021 жылдың 24 қараша күні тамақтану сапасына мониторинг жүргізу мақсатында бракераж комиссиясы мектеп асханасына тексеру жүргізді. Тексеру қорытындысы актпен рәсімделіп, комиссия отырысында талқыланды. Тексеру нәтижелері сарапталып, түзету бойынша ұсыныстар берілді. Кеткен кемшіліктерді жою үшін 5 жұмыс күні ұсынылды.
Асханада, ас блогындағы санитарлық жағдай қалыпты, талаптар сақталған. Мектеп асханасына кіреберіс жерде қол жуатын орындарда арнайы кептіргіштер болмағандықтан, қағаз сүлгілер пайдаланылады. Білім алушыларға арналған қол жуатын 3 раковинаның қасына, қол жууға қажетті сұйық сабын қойылмаған.
Ас блогы домжайларында су бұру жүйелерінің 1 бұрағыш істен шыққан, жарамсыз күйде.
Нан цехы бойынша нан сақтайтын жабдықтар қарастырылмаған, таңбаланбаған. Аталған кемшіліктерді болдырмау, алдағы уақытта ескеру қажеттігі айтылды. Нан сақтайтын шкафты құрастыру ДШЖО С.Ш.Исмаиловқа міндеттелді.