Жасөспірім қыздардың жүктілігін алдын алу жұмыстары » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632)43-61-40
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » » Жасөспірім қыздардың жүктілігін алдын алу жұмыстары
06
наурыз
2017

Жасөспірім қыздардың жүктілігін алдын алу жұмыстары

Мектепте 14 қаңтар күні  ЖДО мамандары ІІБ инспекторларымен бірлесіп 8-9 сынып оқушылары арасында «Ерте жүктіліктің алдын алу» тақырыбында семинар өткізілді.

Кәмелетке толмағандар арасында жыныстық тиіспеушілікке қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы АІІБ-нің ЖПҚ-ЮПТ полиция лейтенанты Д.Боранбаева дәріс  оқыды.

Қыздар тәрбиесінде көп қателікке бой алдырдық. Қызға қырық үйден тыйым салуды мүлде ұмытып, олар жартылай жалаңаштанса да қыңқ етпейтін болдық. Міне, енді осы олқылықтардың зардабын тартып, жүрегіміз қан жылап отыр. Дәрігерлер мен психологтердің басым көпшілігі контрацепцияны ұсынып, жыныстық тәрбиені 12 жастан бастап енгізуді қолдап отыр. Енді жүктіліктің саны артпаса, кемімейді дейді. Жыламаған балаға емшек емес, планшет беретін кейбір аналар сияқты, жасөспірімдердің қолына презерватив пен контрацепциялық дәрі беру проблемаңызды оңай шешетін шығар. Сонда біз әлі беті ашылмаған 12 жастағы оқушылардың қолына динамит ұстатпақпыз ба?-деді ол ашынып. 

         Бұл іс-шараның мақсаты жасөспірімдердегі ерте жүктіліктің алдын алу болып табылады.    Өскелең жастар мораль және жыныс тәрбиесі бойынша сұрақтар қойды.  Контрацепцияның әр түрлі қолжетімді әдістері, жыныс арқылы берілетін жұқпалардың алдын алу және салауатты өмір салтын сақтау туралы ақпараттар жеткізілді. 

Семинарда ерте жүктіліктің салдары, физиологиялық тұрғыдан- жас ағза оған әлі дайын емес, әлеуметтік тұрғыдан – бейберекет жыныстық қатынасқа түсетін жас қыздың алдында күтіп тұрған қиындықтар жайлы сұрақтар талқыланды.

Қаламаған жүктіліктің алдын алу, жыныстық мінез-құлықтың адамгершілік сұрақтары бойынша бейнероликтер көрсетілді.

Полиция лейтенанты Д.Боранбаева жыныстық қатынасқа мәжбүрлеу, яғни зорлау тақырыбында әңгіме жүргізді. Осындай жағдайда қалай әрекет жасау керектігі жайлы ұсыныстар берді.

Семинарда қойылған сұрақтар көп болды, оның әрқайсына ЖДО мамандары толық жауап берді. Семинардан соң бірнеше оқушы қалып, жеке сұрақтарына жауап алуға ниет білдірді.

 

Орындаған: ДҚТЖО-Г.Шадыбаева

Ерте  жүктілік деген не?

Ерте жүктілік деп 13-19 жаста болатын

жүктілікті айтады. Осы уақытта қыз балаларда өтпелі жас кезеңі басталып,

гормондық қайта құрылу жүреді. Медицицнада 18 жасқа дейін болған жүктілік ерте жүктілік деп саналады.

 

Ерте жүктілік немен қауіпті?

Жүктілік кезінде ағза  күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры,

эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз  балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!

 

Ерте жүктіліктен қалай сақтануға болады?

Ерте жүктіліктің негізгі проблемасы бұл жыныстық тәрбие туралы білімінің жеткіліксіз

болуы, не болмаса тәрбиенің мүлдем жоқтығы. Көптеген отбасыларда бұл тақырыпқа  әңгіме қозғалмай, жабық күйде қалады. Бірақ бұл дұрыс емес. Негізінен,  жоспарланбаған жүктіліктің 90% отбасындағы тәрбиеге және қарым-қатынасқа байланысты келеді. Яғни ана мен қыз баланың өзара қатынасы бұзылса, қыз бала  «әдейі» бәрін кері істейді.

Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы  бар?

Проблемамен күресудің ең үздік тәсілі – проблемадан сақтану.

Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың  тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек.    Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу.   Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте  түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп,  ь өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың  жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек.

 

Ерте жүктіліктің нәтижесі.

Бұл мәселеге әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, қыз бала білім алу, жұмысқа орналасу және карьера құру мүмкіндігінен  айырылады. Қатынасқа түсе білгенмен, жас жігіт әке атанып, жауапкершілікті көтеруге асықпайды, көп жағдайда қыздар өздері жалғыз қалады да (егер ата-анасы   көмектесетін болса, жақсы) жас ана тығырыққа тіреледі: білімі жоқ, жұмысы жоқ,   баланы күтіп-бағуға ақшасы болмайды. Осының бәрі жалғыз бір жас анаға ауыр  болатындықтан, көп жағдайда аналар баласын балалар үйіне өткізіп жатады. Ал бұл  өкінішке орай, ерте жүктілік салдарынан болатын, жиі кездесетін оқиға.