Терроризм ХХІ века-угроза обществу » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632)43-61-40
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » » Терроризм ХХІ века-угроза обществу
03
сәуір
2017

Терроризм ХХІ века-угроза обществу

2016 жылдың қараша айында оқушылардың діни сауаттылығын арттыру және терроризмге қарсы көзқарасын қалыптастыру мақсатында 9-10 сынып оқушылары арасында «Терроризм ХХІ века и угроза обществу» тақырыбына тарих пәні мұғалімі А. Куренбаеваның ұйымдастыруымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Меркі және Т. Рысқұлов АЕБҚКБ-ның полиция майоры Н. Закирбаев, Меркі аудандық ішкі істер бөлімінің ЖҚПЮПТ-ның полициялары, мектеп директоры Н.А. Конкабаев, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К. Даулетова, мектеп психологі А. Сейтжапарова қатысты. 9 сыныптың жеті оқушысы іс-шараға өз беттерінше дайындалып, тақырып бойынша мәліметтер келтірді. Келген қонақтар мен оқушылар бірлесе отырып терроризм деген не, оның шығу тарихы бар ма, экстремизм мен терроризм айырмашылығы неде, есірткі мен терроризм арасында қандай байланыс бар, террористік әрекет үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша қандай жаза тағайындалады және терроризмді қалай тоқтатуға болады деген сұрақтарға жауап алды. Тақырып бойынша көрсетілген видеоролик әсерлі болды, оқушылар теракт кезінде өздерін қалай ұстау керектігін, құрбаны болмау үшін қандай әрекет жасау керектігімен бөлісті. Сонымен қатар мектепте, қоғамдық орындарда, көліктерде  күдікті нәрселерді байқағанда қалай әрекет ету керектігі туралы айтылды.  Терроризмнің адамзатқа, қоғамға, мемлекеттер арасындағы халықаралық ынтымақтастыққа, экономикалық және саяси қарым-қатынасқа тигізетін зияны туралы талқыланды. Терроризмге қарсы күрес өзара ынтымақтастық, құқықтық нормаларды орындау жағдайында ғана тиімді жүзеге асатыны айтылды. Мектеп психологі А. Сейтжапарова түрлі діни ағымдардың жүргізетін уағыздарына қарсы тұру тренингін өткізді. Дөңгелек үстел соңында оқушылар «Жизнь без терроризма» деген тақырыптағы жобаларын плакатқа салып қорғады. Сонымен бірге «Твори добро и оно к тебе вернется» видеоролигі көрсетілді

Похожие публикации:

24 наурыз 2017 Бағдарлы оқыту