Құқық бұзушылықтың алдын алу » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632)43-61-40
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Құқық бұзушылықтың алдын алу
01
наурыз
2017

Құқық бұзушылықтың алдын алу

2016-2017 оқу жылындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыс жоспарына сәйкес ақпан айының 13-23 аралығында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстару. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп оны құрметтеуге тәрбиелеу мақсатында онкүндік іс-шара жоспары жасалынып өткізілді.

            Ақпаның 13 күнімектебімізде оқушыларға декаданың ашылуы туралы лездеме өткізілді. Мақсатты мен міндеттері туралы мәліметтер беріліп, өткізілетін іс-шара тақырыптарымен таныстыру жұмыстары жүргізілді. 

Қазақстандық қоғамда құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілік бүгінгі күні мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып саналады.  Бұл ретте мемлекет басшысы үкімет пен  парламенттің алдына қоғамда құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілікті» құру бойынша  міндет қойды.

Мүлдем төзбеушілік – бұл азаматтардың кері іс-қимылы немесе тіпті ұсақ құқық бұзушылықтардың өзіне төзбеушілік. Сондықтан азаматтардың өздерінің құқық бұзушылықтардың алдын алуға қатысуын қамтамасыз ету - тәртіпсіздік пен құқық бұзукшылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастырудың басты шарты болып табылады.
        Әрбір азамат еліміздегі тәртіп пен қауіпсіздікке жауапты болуға тиіс. Әр тұрғын кез келген тәртіпсіздіктің жолын кесуге міндетті. Оны басқа біреу істейді деп күтпеу керек, арнайы органдарға сілтеудің қажеті жоқ. Ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу, тұрғын үй-жайларды қорлау, ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау және айналасындағыларға сыйламаушылықты бiлдiретiн, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да осындай әрекеттер  қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету құқықтық мәдени іс болуы қажет және әрбір азаматтан шығуы тиіс.

       

Құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған акция барысында 8-сыныптар оқушылардың сынып жетекшілері Н.Корпешова мен Л.Нечаеваның  ұйымдастыруымен оқушыларға  жоғарыда айтылған мәселелер кеңінен түсіндіру мақсатында   мектеп дәлізінде стенд дайындалды, директордың құықытық тәрбие жөніңдегі  орынбасары Г.Шадыбаевамен  мектеп инспекторы Д.Боранбаевмен бірлесіп әр сыныпта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.


 

                                                                                                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 

 

 


                                                                                                                                                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпаның 14 күні  мектеп  кітапханашы Қ.Жасыбаева 5-7 сынып оқушылардың  арасында «Сен және сенің құқығын» атты танымдық сағат өткізді. Ата - Заңымызға қатысты балаларға әр түрлі сұрақтар қойылды. Барлығы белсене қатысып, өз ойларын ортаға салды. Әсіресе 5 сынып оқушылары қызығушылықпен барлық сұрақтарға, жағдайларға өдерінің ойларын айта білді. Әр бала өз құқығын білу керек осыған байланысты түрлі суреттер мен баптар көрсетілді. 

Өткізілген ақпараттық көрмеде қорытындылай келе, әр бала өз құқығын білу керек. Әр азамат өмір сүруге, азаматтық алуға, оқуға, еңбек етуге, демалуға, спортпен шұғылдануға құқылы. Сондықтан өз құқығымызды білейк, қадірлейік! деген ойға тоқталдық. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату мақсатында «Баланы ата-ана тәрбиелейді, ата-ананы кім тәрбиелейді» тақырыбында 

10 «а» сынып жетекшісі А.Смагулова мен 10 «б» сынып жетекшісі Б.Абильдаева  ата-аналармен коучинг өткізді.

Бала – кең әлемдегі ең пәк, ең таза, асыл жан. Оның ойының тазалығы, арының тазалығы оны қоршаған ортаға байланысты болмақ. Бала осы ортаны қалай қабылдап, танып білсе, оның алдынан кең әлемнің есігі де солай ашылмақ.
Сондықтан ата-аналарға, баланың өзіндік «Менін» қалыптастыру, адамгершілік-рухани әлеуетін көтеру, қазіргі заман талабына сай өзіндік ой-көзқарасы қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеп шығару мектеп пен отбасының тәрбиесі ұштасып бағытталғанда ғана жан-жақты, толыққанды жүзеге асыралатыны, оның психолгиялық күші неде? Отбасы баланың психикасына үлкен әсер ететіні туралы айтылды.

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпаның 15 күні  Мектеп инспекторы Д.Боранбаева, ДҚТЖО- Г.Шадыбаева және әлеуметтік педагог Ғ.Отарбаеваның ұйымдастыруымен  «Қылмыстың болдырмаудың алдын алу» тақырыбында 7-11 сынып оқушылар арасында бейнеоқулық көрсетілді. Бұл бейнеоқулықта сыраны пайдаланудың зиянды салдарлары туралы ақпарат берілген. Сыраны пайдаланатын адамдардың ағзасына зиянды әсер ететің осы әлсіз алкогольді сусынның  құрамына кіреттін түрлі құрамдастар туралы мәліметтер берілген. Бұдан басқа фильмде дәрігер –наркологтардың және қоғам мүшелерінің пікірлері келтірілген. Осы бейнефильмге  алкоголь пайдалануға тәуелді, ем қабылдап жатқан пациенттердің өзімен және олардың туыстарымен жүргізілген сұхбаттың болуы ерекше құедылық сыйлап отыр. «Марихуана» осы бейнефильм марихуананы пайдаланудың зиянды салдары туралы ақпаратқа ие. Фильмде марихуананы (каннабис) пайдалану мәселесі жан-жақтан қарастырылады: нарколог дәрігерлердің, наркологтардың психотерапевттердің, діни конфессия  өкілдерінің қөзқарасы тұрығысынан, қоғам мүшелерінің, сонымен қатар психобелсенді заттарға тәуелді, марихуананы  пайдаланудан тәжірибесі бар тұлғалардың пікірі келтірілген.

    

 

 

 

 

Ақпаның 16 күні  Ата Заңымызда әрбір азаматтың жеке бас бостандығы құқығына кепілдік беріледі. Алайда, адамдардың түрлі мақсатпен құқын таптау оқиғалары, жасыратыны жоқ, жиі кездесіп қалады. Соның бірі бүгінгі заман запыраны – адам саудасы. Асқынып бара жатқан осы дерттің бүкіл жер-жаханды жайлап, енді біздің елімізге де аяқ басуы алаңдат­пай қоймайды. Бұған қарсы қандай амалдар қолданылуда? Жалпы, заң бойынша адам саудасы қылмысына қарсы қандай шектеулер қойылып, қылмыстық жауапкершілік көзделген? Осы және басқа да мәселелер төңірегінде 9 сынып оқушыларымен сынып жетекшілері Л.Мырсейтова мен Г.Орынбаева «Адам саудасы-қатерлі қылмыс» атты дөңгелек үстел өткізді.

 

 

 

Ақпаның17күні 

Үйірме жетекшісі М. Мустафаева 9-11 сынып оқушыларымен «Заң және заман» тақырыбында дебат өткізілді.    

Дебаттың өткізілу мақсаты:

*оқушылардың Заң жоғары ма адамгершілік жоғары ма туралы толық ой қалыптастыру;

*оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру;

*шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте  сақтау қабілеттерін дамыту;

*адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу.

Оқушыларымыз мықты қарсыластарымен сынға түсіп, жақсы нәтиже көрсетті. «Жас ұрпақ» командасының топ басшысы Жеңісбек  Әлжан  «Лучший скипер» номинациясын жеңіп алды. Жалпы оқушылар көтеріңкі                               көңілмен, биік рүхпен аяқтады. 

 

 

 

 

Ақпаның 18 күні «Құқық және біз» тақырыбында сауалнама жүргізілді. Нәтижесі бойынша жалпы оқушылардың құқықтық білімі бар екені анықталды. Мектепте бала құқығы бойынша барлық нормалар сақталады деп барлық балалар жауап берген. 

Ақпаның 21 күні «Зорлық зомбылық пен қатыгездікті жоюдың жолдары бар ма?» атты сынып жетекші Л.Киер 7 сынып оқушыларымен талқылау сабағы түрінде  өткізілді.


           Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдер көбінде психологиялық, физикалық күш көрсету,бопсалау,кемсітушілік, кибербуллингтік зорлық зомбылыққа ұшырауда, нәтижесі- баланы өзін-өзі қол жұмсауға дейін әкеліп жағдайға әкелуі мүмкін.Аталған өзекті мәселені шешу бағытында елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты 20  дағдарыс орталығы ашылғаны туралы айтылды.Зорлық-зомбылықпен табысты күресу үшін бірінші кезекте осы мәселеге қоғамның көзқарасын өзгерту керек.
 Балаларға қамқорлық жасау, баланың абыройы мен құқықтарын құрметтеу – бұл тек мемлекеттің ғана емес, сонымен қатар жекелеген әрбір адамның міндеті... Ұлтымыздың қанындағы ізеттілік дөрекілікке, қайырымдылық қатыгездікке, жомарттық тоғышарлыққа, адалдық арамдыққа, парасаттылық парасыздыққа ауыспасын деген үлкен үміт тұр.
 Зомбылықтың алдын алу және бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылатыны туралы оқушылар өз ойларын ортаға салып талқылады.

Ақпаның 22 күні       8-11 сынып оқушылары арасында «Өз құқығынды білесің бе?» тақырыбындағы конференция түрінде іс-шара өткізілді. Іс-шараға Меркі АІІБ ЖПҚ әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау жұмысының аға инспекторы полиция майоры Оразбекова Айгуль Сайысбековна, Меркі АІІБ - нің  ЖПҚ ЮПТ – ның инспекторы полиция лейтенанты Данара.Боранбаева, Жамбыл округінің «Жастар кеңесінің»  жетекші маманы Сраил Дулат пен Бейсебаева Назерке қатысты. Конференцияны директордың құқықтық тәрбие ісі жөніңдегі орынбасары Г.Шадыбаева «Заңды білу –заман талабы» атты баяндамамен бастады. 

Конференцияда құқық бұзушылықтың алдын алу жолдары, тәрбие үрдісінде оқушының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жасөспірімдер арасында бұзақылыққа кім кінәлі? – деген келелі сұрақтар талқыға салынды.

Меркі АІІБ ЖПҚ әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау жұмысының аға инспекторы полиция майоры Оразбекова Айгуль Сайысбековна сөз алып «Ел болам десең, бесігіңді түзе»- деп қазақ атамыз айтқандай, әр бір ата-ана өз баласын тәртібі мен тәрбиесіне аса мән беріп, бос уақытта немен айналысатынына қатаң бақылау жасаса, жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізер еді деді ол өз сөзінде. Сонымен қатар,әр азаматын міндетті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіреміз; деп оқушыларға түсіндірді.

 

Сонымен қатар,әр азаматын міндетті - заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі - қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіреміз; деп оқушыларға түсіндірді.

Өткізілген «Өз құқығыңды білесің бе?» атты конференция сабағымызда оқушылар құқықтық білімдері қаншалықты деңгейде екендігін көрсете білді. Болашақта балаларымыз заңгер болмаса да, қарапайым азамат ретінде өз құқықтарын қорғай алатын адам болуы үшін үнемі құқық білімдерін жетілдіріп отыруы керек екендігін түсінді.

 Болашақ Қазақстан Республикасының  құқықтық тағдыры жастар қолында.

  Атқарылған жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатындағы «Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын жетілдіру» атты тақырыбындағы іс – шаралар жұмыстарын  аудандық «Меркі ақиқат» атты газетіне тарих пәні мұғалімі А.Смагулова мақаланы жариялады.