10
мамыр
2017
9 мамыр- Жеңіс күні
Бүгін 8 мамыр күні Жеміс-жидек ауылының
саябағында Ұлы
Жеңіске 72 жыл толуына,
Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің
25 жылдыған арналған
мерекелік іс-шара өтті. «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды» тақырыбында
өткен іс-шараға еңбек ардагерлері, мектеп оқушылары мен
ұстаздар қатысты. Жиналғандар
саябақтағы "Мәңгілік алау" ескерткішіне
гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздікпен соғыста
қаза тапқандарды еске алды.
Ауыл ардагерлері Е.Абашев, Я.Ф.Мамедов оқушыларды Жеңіс күнімен құттықтап, өз ризашылықтарын білдірді. «Еске алу вахтасы» сапта жүріп ән айту байқауына қатысып орын алған оқушылардан құралған шеруде оқушылар саппен жүріп өтті.
Жиын соңы мерекелік концертпен ұласып, 9 сынып оқушылары Ж.Болатбек пен Э.Сағат «Әлия мен Мәншүк» монологын сомдап шықты , оқушылардың әндері орындады.