«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиын
«Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты салтанатты жиыны туралы хабарлама
Салтанатты жиынның өткізілуіне орай мектеп ауласы әсем безендірілген.
1-ші сыныптың үздік оқушылары «үздік оқушы» лентасын таққан
және 5-10 сынып оқушылары мектеп ауласында сап түзеп тұрды.
Мектептің «Томирис» бишілер тобының орындауындағы «Сағым» биімен басталды. Жүргізушілер келген қонақтармен таныстырды. Жиынға аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Б. Иманалиева, Меркі аудандың электр желілері жүйесінің басшысы Қ.Т.Кемелбаев, «Меркі ақиқат» газетінің бас редакторы С.Қ. Құралбаев қатысты. Салтанатты жиынға ҚР-сының Мемлекеттік Туын 10 сынып үздік оқушылары алып шықты. Мектептің 2016-2017 оқу жылындағы жетістіктерімен таныстырып және мектеп бітіруші түлектерді құттықтап мектеп директоры Н.А. Қонқабаев сөз сөйледі.
Салтанатты жиынға қатысушыларды Меркі аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Б. Иманалиева, Меркі аудандың электр желілері жүйесінің басшысы Қ.Т.Кемелбаев, «Меркі ақиқат» газетінің бас редакторы С.Қ. Құралбаев құттықтады. Мектеп директоры мен келген қонақтар мектеп оқушыларының республикалық, облыстық байқаулардағы жетістіктерімен және ұстаздарды аудандық білім бөлімінің мадақтамасымен марапаттады.
Мектеп бітіруші түлектерді мектептің өнерлі оқушылары А. Алпысбай, «Томирис» бишілер тобының кіші тобы, 1 сынып оқушылары ән-жырларымен, билерімен құттықтады.
Мектеп алаңына шыққан 11 сынып бітірушілер ұстаздарына арналған алғыстарын жеткізсе, сынып жетекшілері шәкірттеріне ақжолтай тілектерін білдірді. Облыстық «Жас талап» байқауында ТарМУ-інің 100% білім грантын жеңіп алған 11 «б» сынып бітірушісі А. Сәпи 10 сыныптың үздік оқушысы Қ. Тоғанбаеваға білім кілтін табыс етті. Соңғы қоңырау соғу рәсімі 11 «б» сынып оқушысы Жабаева Бағдат пен 1 «г» сынып оқушысы Адильханов Васипке және 11 «в» сынып оқушысы Карабеков Тимур мен 1 «б» сынып оқушысы Серикова Анельге беріледі. Осыдан 20 жыл бұрын мектеп бітірген түлектер кездесуі болып, ардагер ұстаздарға алғыстарын білдірді.