24
сәуір
2024
Бастауыш сынып пен орта буын сабақтастығы
Сабақтастық – бұл оқушының алған білімін, дайындық дәрежесінің сапалық көрсеткіштерін анықтап, кемшіліктердің орын алу себептерінің, оның алдын алу жұмыстарының түрлері мен ұйымдастыру формаларының тиімділігін көрсетуге мүмкіндік беретін әдістемелік жұмыстың бір түрі. Осы жұмысты жүзеге асыру мақсатында мектепте 4 сынып оқушыларының орта буындағы оқуға дайындық деңгейін анықтау үшін диагностикалау жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру бойынша дөңгелек үстел өтті. Талқылаулар мен ұсыныстар нәтижесінде пән мұғалімдеріне нақты тапсырмалар берілді.














