Отбасы біздің ұямыз » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632)43-61-40
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » Отбасы біздің ұямыз
15
ақпан
2022

Отбасы біздің ұямыз

№44 жалпы орта білім беретін мектебі

«Отбасы біздің ұямыз» тақырыбы аясында өткен әкелер мен құқық қорғау органы қызметкерлерімен өткен кездесу туралы 

Анықтама

№44 алпы орта білім бертін мектебінде  16.02. 2022 күні «Құқықтық тәрбие –құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығы барысында 6-11 сынып оқушыларының әкелері мен құқық қорғау органы қызметкерлерінің қатысуымен  дөңгелек үстел өткізілді. 

Дөңгелек үстелге  Меркі ауданы білім бөлімінің әдіскері С. А.Метеркулова, Меркі ауданы прокуратурасының аға прокуроры А.Г.Кусаинов,  Меркі АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ-ның  инспекторы А.С.Алишев, мектептің әкелер комитеті  мүшелері мен 5-11 сынып оқушыларының әкелері қатысты. 

Дөңгелек үстел жасөспірімдер арасында  құқық бұзушылықтың алдын алу мен мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.А. Андрееваның отбасында бала тәрбиесіне әкелер ықпалын арттыру мақсатында ұйымдастырған «Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі» тақырыбында коучинг-сессиямен басталды. Әкелерге  стикер арқылы 3 топқа бөлініп тапсырма берілді. «Әке ұлды қалай тәрбиелеу керек?», «Әке қызын тәрбиелеуде қандай қасиеттерді бойына сіңіру керек?», «Бала тәрбиесінде ата-аналардың қайсысы басты рөл атқарады?» тақырыбындағы сұрақтарды талқылай отырып,  постер құрап қорғап шықты. «Жақсы әке бола білейік!» тақырыбында жадынама таратылды. Дөңгелек үстел соңында әкелер «Тілек ағашына» жылы лебіздерін білдірді. Дөңгелек үстелге қатысушы Меркі ауданы прокуратурасының аға прокуроры А.Г.Кусаинов әкелерге бала тәрбиесіне ең бірінші отбасындағы ата-аналардың жауапкершілігі туралы ескертті,  кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты көп жағыдайда  қалдағалаусыз қалған балалар жасайды. Сондықтан ата-аналар мен олардың заңды өкілдері кәмелетке толмағандарды қадағалауды жүзеге асыруға міндетті екенін ескертті. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз  және панасыз қалуының алдын алу үшін кешкі және түнгі мезгілде рейдтер ұйымдастырылатынын ескертті. Меркі АІІБ-нің ЖПҚ ЮПТ-ның  инспекторы А.С.Алишев өзінің №44 ЖОББМ-тегі құқық бұзушылықтың алдын алу жұмыстарын жүргізетінін, осы мектеп оқушыларының аудандық есепке тіркелмегенін айтты. Сонымен қатар ата-аналары мен заңды өкілдерінің алып жүруінсіз кәмелетке толмағандардың кешкі және түнгі мезгілде ойын сауық орталықтарына, көшеде жүруіне  тыйым салынғанын, рейд кезінде тіркелгендердің жауапкершілікке тартылатынын ескертті. Аудандық білім бөлімінің әдіскері С. А. Метеркулова жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықты болдырмау профилактикасы аясынды жүргізіліп жатырған «Құқықтық тәрбие-құқық бұзушылықтың алдын алу» айлығының өтіп жатқанын және бүгінгі іс-шараның бала тәрбиесіне жауапты ата-аналар мен олардың заңды өкілдері үшін аса маңыздылығын айтты. Оңтайлы сәтті пайдаланып ата-аналарға Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы» заңының 10 бабы, неке жасы туралы, неке-отбасы қатынастары, ата-аналардың құқықтары мен мүдделері туралы ескертті. Дөңгелек үстел барысындағы мектеп пен отбасы арасында ынтымақтастық, бала тәрбиесіне қатысты әкелердің жауапкершілігі жоғары екені  байқалды.