Мектеп оқушыларынан сауалнама жүргізілді » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632)43-61-40
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Мектеп оқушыларынан сауалнама жүргізілді
23
қаңтар
2023

Мектеп оқушыларынан сауалнама жүргізілді

№44 жалпы орта білім беретін мектеп базасында ағымдағы жылдың  қаңтар айының 23 і күні 8-9 сынып оқушыларының кәсіптік бағыт бағдар беру  бойынша мамандыққа бейімділігін анықтау мақсатында Джон Голландтың «Тұлғаның типтерін анықтау» әдістемесімен тест алынды. 
Кәсіби-тұлғалық типті бағалау мен тұлғаның әлеуметтік бағытын анықтау Джон Голландтың әдістемесі  тұлғаның 6 типін анықтауға  арналған тест.
Жалпы  оқушы саны:125   Қатысқан оқушы саны:118 
Тест қорытындысы бойынша қатысқан оқушылардың кәсіби -тұлғалық типін  анықтау  сараптамасы төмендегідей.
  Адамның кәсіби өзін табу бағдарына көптеген факторлар әсер етеді, соның ішіндегі ең маңыздылары: мамандық және оның қажеттілігі туралы білу,   бейімділіктерін, қабілеттерін, денсаулық (ішкі мүмкіндіктер мен шектеулер) ықылас деңгейі мен өзін-өзі бағалау, айналасындағылардың көзқарасы және жеке кәсіби жоспар – адамның  кәсіби салада неге және қалай жету керектігі жөнінде пайымдар  жүйесі
 Тест нәтижесі бойынша оқушылардың кәсіби – тұлғалық ерекшеліктері мен әлеуметтік бағыттылығын анықтау.
Жұмыс барысында оқушылар тұлғалардың кәсіби типтерінің сипаттамалары таныстырылып,   түрлі мамандық  жұптары  келтірілген сұрақтарға жауап берді. Оқушылар әр жұптағы мамандық түрлерінен өздеріне ұнамды мамандықты таңдап, белгіледі. Зерттеу нәтижесі өңделіп, оқушылардың қай  кәсіби типке жататыны   анықталып, арнайы кестеге енгізіліп, диаграммасы жасалды. 
 №44 ЖОББМ Педагог -кәсіби бағдар беруші: А.Б. Жанакбаева