Мамандықтар әлемі-жаңа ақпараттар » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632)43-61-40
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Мамандықтар әлемі-жаңа ақпараттар
24
ақпан
2022

Мамандықтар әлемі-жаңа ақпараттар

       Әрбір он жыл сайын әлемде тың жаңа мамандықтар пайда болады. 21-ғасырда жаңа мамандықтардың пайда болуы  жаппай жұмыссыздықпен, бос орындардың  тапшылығымен, жаңа технологиялардың қарқынды дамуымен және де жаһандық компьютерлендірумен тікелей байланысты. Осы орайда қазақстандық қоғамның қазіргі даму жағдайында мектеп оқушыларының кәсіби бағдары өзекті мәселелердің біріне айналды.  

          Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «29) кәсіптік бағдар - білім алушының кәсіптік қызығушылықтарына, жеке қабілеттері мен психикалық-физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және кәсіптік мүмкіндіктер саласында, мамандық пен оқитын орнын еркін және саналы таңдау құқықтарын іске асыруына ақпараттар мен консультациялық көмек беру» («Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы. 19.04.2019 өзгертілген.), -делінген екен.

        Жоғары сынып оқушылары қажетті білім, білік, дағды кешеніне ие болып қана қоймай, сонымен қатар өздерін кәсіби және әлеуметтік тұрғыдан жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттерге ие болуы керек.

Қазіргі заманғы түсінік бойынша Кәсіби бағдар беру жұмысындағы ең өзекті мәселе ол-оқушылардың саналы, тәуелсіз кәсіби таңдауын жүзеге асыруға, өз таңдауына жауапты болуға, кәсіби мобильді болуға мүмкіндік беретін белгілі бір әмбебап қасиеттерді қалыптастыру екені сөзсіз.

Көп жағдайда отбасы жасөспірімнің әлеуметтік-кәсіби қалыптасу процесіне тиісті және оң әсер ете алмайды, сондықтан бұл функция көп жағдайда мектепке жүктеледі. №44 жалпы орта білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К. Даулетова 11 сынып оқушыларына  Ресей Мемлекеттік зияткерлік меншік академиясының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Гульмира Есимбаевна Нұрғазинамен кездесу ұйымдастырды. Сонымен қатар кездесуге осы аталған академияның деканы А. А. Никлаус ZOOM платформасы арқылы қатысып, мектеп бітіруші түлектерге «Зияткерлік меншік» туралы дәріс оқыды. Дәріс барысында оқушылар зияткерлік меншіктің авторлық құқық объектілері (ғылым, әдебиет және өнер туындылары), Өнеркәсіптік меншік объектілері (Өнертабыстар, өнеркәсіптік үлгілер, пайдалы модельдер, фирмалық атаулар, сондай-ақ тауар таңбалары мен тауар шығарылған жердің атаулары), сондай-ақ селекциялық жетістіктер жататындығын білді. Зияткерлік меншік құқығы кез келген басқа меншік құқығына ұқсас. Олар патенттердің, тауар таңбаларының немесе авторлық құқық туындыларының авторларына немесе иелеріне өз туындысынан немесе оны жасауға инвестициядан пайда алуға мүмкіндік беретіні туралы ақпарат алды.

Гульмира Есимбаевна Нұрғазина академияда оқытудың қандай бағыттары бойынша  жүзеге асырылады, жоғары білім берудің қандай деңгейлері бар, 

түлектер қайда жұмыс істей алады, түлектері кім болады, оқуға түсудің қандай жеңілдіктері бар деген сұрақтарға жауап берді.


Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К. Даулетова