Жемқорлық саяси әлеуметтік қиын құбылыс
Жас ұрпақты Отансүйгіштікке, адалдыққа тәрбиелеу мақсатында 2022 жылдың 22-қыркүйек күні 9 «б» сынып оқушыларымен «Жемқорлық саяси әлеуметтік қиын құбылыс» атты іс шара өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімі Жанар Серікқызы Мукашева сыбайлас жемқорлық ұғымына, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымдардың даму тарихына тоқтала келіп, «сыбайлас жемқорлық деген не?» деген сұраққа кеңінен жауап берді. ҚР «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Заңы сыбайлас жемқорлыққа қандай анықтама беретіні айтылды. Қазақстандағы жемқорлық деңгейі мен жемқорлықпен күрес, жемқорлықтың себептері мен факторлары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет туралы заң кеңінен түсіндірілді. Мұрат Сымбат, Бахрамова Азиза, Қамшыбай Аружан, Бауыржанқызы Жанерке, Жақсылық Дина, Мұрат Аяжан «Сыбайлас жемқорлықты қалай жоюға болады?», «Жемқорлық фактісі кездессе қалай қарсы тұрар едің?», «Жемқорлар деп кімдерді айтуға болады?» деген сұраққа жауап беріп, өз ойларын ортаға салды.
- Іс-шара барысында оқушылар өздеріне берілген жағдаятты талқылап, тығырықтан шығудың жолдарын қарастырды.
- «Білім ағашы» әдісімен «Біздің қоғам осы ағаш секілді көркейіп, жемқорлықсыз қанат жаюы үшін сен қандай үлес қосар едің? деген сұраққа балалар өз ойларын жазып, «Білім ағашына» жапсырды.