18
сәуір
2022
Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы
Тағылымды тәрбие – бала болашағының іргетасы. Қазақтың қарадо-малақ балалары әлемдік деңгейде ел мерейін асыруда. Қарапайым ауылдан шыққан талай баланың жұлдызы жанып, қабілетімен дарындылар қатарына қосылды. Иә, қай кезде де мемлекет баланың үздіксіз дамуына инвестиция құюды тоқтатпайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың пәрменімен «2022 жыл – Балалар жылы» деп аталды. Яғни, барыс жылында ел ертеңі – өскелең ұрпақты қолдауға айрықша көңіл бө¬лінеді.
Осы балалар жылына орай өткізілетін іс-шаралар жоспарына сәйкес №44 жалпы орта білім беретін мектебінде Жамбыл ауылдық округінің әкімі Ербол Байболсыновпен кездесу өтті. Кездесу барысында Е. Байболсынов оқушыларға мемлекет басшысы балаларды қорғау, олардың денсаулығы мен білімін көтеру, әлеуметтік қамсыздандыру бағытындағы жұмыстар атқару мақсатында биылғы жылды «Балалар жылы» деп жариялануының маңызын айтты.
-Қазақстан мемлекетінің болашағы осы жас ұрпақтың қолында, сондықтан балалардың білім алуы мен қызығушылығына орай барлық жағыдайлар жасалған. Сондықтан бала тәрбиесіне, оның күш-қуатын дұрыс пайдалануына ұстаздар болып, ата-ана болып, бағыт-бағдар беруіміз керек. Бала жастайынан бір нәрсеге қызығуы керек, шығармашылық, спорт, қолөнер, техника бағыттарына бейім болса, оның болашақта қандай да бір жетістікке жетуіне әсер етеді. Себебі балалар мектептен кейін де уақытын босқа өткізбей, өзіне, өміріне пайдалы іспен шұғылданғаны абзал,-деп балаларға арналған тегін үйірмелерге барып шығармашылықтарын дамытуға, бос уақыттарын тиімді пайдалануға кеңес берді. Өзінің өмірлік тәжірибесімен, жетістік баспалдағының тарихымен бөлісті. Болашақта Жамбыл ауылдық округінің Жеміс жидек ауылында мәдениет үйі мен спорт залы салынатындығы туралы жоспарларын айтты. Өз кезегінде оқушылар да сөз алып қазіргі таңдағы жетістіктерімен бөлісті. Ауыл округі тарапынан балалар үшін жасалып жатқан игі істер үшін рақметтерін айтты.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.К. Даулетова