«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқырмандар конференциясы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632)43-61-40
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқырмандар конференциясы
16
ақпан
2024

«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында оқырмандар конференциясы

16 ақпанда «Оқуға құштар мектеп»  жобасының  мақсаты азаматтардың білім деңгейін арттыру болып табылады. Осы орайда №44 жалпы орта білім беретін мектебінде оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау үшін, үздіксіз көркем әдебиет оқу - рухани даму дағдысын қалыптастыру мақсатында мектеп кітапханасы және тілдік пән бірлестіктерінің ұйымдастыруымен READx жобасы өтті. 
READx – бұл оқырмандардың шабыттандыру алаңы, мұнда жасы мен беделіне қарамастан қатысушылар өз ой толғаулары мен жиып-тергендерін ортаға салады. READx жобасының ұраны «Оқуға ұмтыл!».
Кітапханалық READx жобасының форматы, кітап оқуды насихаттайтын дәстүрлі және заманауи тәсілдерін бірігуі.
Жобаға  9 «А» және 10 «А» сыныбының жиырма бес оқушысы қатысты. Бес спикер  оқыған кітаптарын насихаттады олар 1-ші спикер Нүсіпжан Жансейіт  Әлем классикасынан Роберт Джордан Хемингуэйдің «Шал мен теңіз» шығармасын таныстырды.
2-ші спикер Махат Аяулым Дулат Исабековтің «Гаухартас» повесімен таныстырды.
3-ші спикер Байбатыр Диана Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 1914 жылы шыққан «Қамар сұлу» жартылай өлеңмен, жартылай прозамен жазылған романымен таныстырды.
4-ші спикер Амангелді Нурсауле  Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі»  повесімен таныстырды.
Тыңдаушыларға «Оқимын!» және «Ойланамын!» дауыс беру карточкалары таратылып, тыңдаушылар спикердің сөз сөйлеуі, пікірі, идеялары мен тәжірибесі қандай әсер қалдырғанын айқындады.
Мұндай жоба әсіресе, оқушылардың әлеуметтік желілерде, компьютер мен теледидар алдында уақытты босқа өткізбей, кітап оқуға шақырады.
READx жобасының нәтижесі ретінде, іс-шара аяқталғаннан кейін оқушылар мен оқытушылар өзін қызықтырған әдебиеттерді оқуға алды.