02
қазан
2023
«Әженің ертегілері»
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында бастауыш сыныптарымен үзіліс кезінде бір мезетте ертегілер оқуы өтті.
Мақсаты: оқушыларды кітап оқуға , оның ішінде ертегілерді оқуға шақыру. Ертегілер арқылы жалпы дамуға, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп, маңызын ашу.Оқушылардың оқу дағдысын, сауаттылығын қалыптастыру. Бір мезетте кітап оқуына 2-4 сынып оқушылары қатысты. Көптеген ертегілерді оқушылар оқыды.