Бәсекеге қабілетті оқушылар
«Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында бастауыш 2-сыныптар арасында «Бәсекеге қабілетті оқушылар» атты интеллектуалды ойын өткізілді. Ойын «Кім білгір?», «Ойланып көр», «Қателеспе», «Орнын тап» бөлімдерінен тұрды. Қатысушылар осы 4 бөлім бойынша барлық пәнді қамтитын сұрақтар мен тапсырмаларға жауап берді. Слайдтан көрсетілген логикалық ойындар мен суреттермен жұмыс барысында оқушылар өздерінің жан-жақты білімді, өжет, еңбекқор, талапты екендіктерін көрсетті.