«Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады»
Еліміздегі білім беру жүйесін реформалау нәтижесінде айқындалған жаңа бағыттар болашақ ұрпаққа білім мен тәрбие беруде оларды қоғамның жаңа жағдайында өмір сүруге дайындайтын нақтылы бір оқыту құралдарын табу мәселелерін көздейді. Бұл қадамдар білім беру мазмұнын, оқытудың әдістері мен тәсілдерін қолданудың жаңа жүйесін құруды ұсынады. Қазіргі мектептің басты мақсаты – әр оқушының қабілетін ашу, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны өмірге дайындау, заманауи білім, дағдылар мен