20
сәуір
2026
Ата-аналар жиналысы
4,9,11 сынып бітірушілерінің ата-аналарымен жиналыс өткізіліп, 2025–2026 оқу жылын аяқтауды сапалы ұйымдастыру, жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында іс-шараларды өткізу тәртібі мен қауіпсіздік талаптары түсіндіріліп, тиісті ескертулер берілді.
Жиналыс барысында:
- іс-шараны жоғары мәдениет деңгейінде, ысырапшылдықсыз өткізу қажеттілігі;
- қаражат жинауға, сыйлық жасауға, мерекелік агенттіктер мен аниматорларды тартуға тыйым салынатыны;
- мейрамханаларда атап өтуге, автокөлік шерулерін ұйымдастыруға, экскурсияларға шығуға жол берілмейтіні;
- кәмелетке толмағандардың ата-анасыз немесе заңды өкілсіз жүруіне тыйым салынатыны;
қатаң түрде түсіндірілді.
Сонымен қатар, аталған талаптарды бұзу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатыны ескертілді.
Аталған талаптарды сақтау – балаларымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығын қорғаудың басты шарты.