Мектеп асханасында «Ашық есік күні» өтуі туралы
№44 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша 2022-2023 оқу жылында оқушыларды бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысы барысында ата-аналармен мектеп асханасында
«Ашық есік күні» өтуі туралы
Анықтама
«Жеміс-жидек» ауылы 18.10.2022жыл
2022-2023 оқу жылында №44 жалпы орта білім беретін мектебі бойынша білім алушыларды мектеп асханасында бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамту жұмысы барысында жұмыс жоспарына сай мектеп әкімшілігі 18 қазан күні аз қамтылған отбасынан шыққан 86 білім алушының ата-аналарына «Ашық есік күні» іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шараның мақсаты: ата-аналарға дұрыс тамақтану туралы әңгіме жүргізіп, күнделікті ас мәзірімен таныстыру, дайындалған астың ас мәзірімен сәйкестігі, оның сапасы, жалпы ұйымдастыру жұмыс барысымен таныстыру. Родителям ұсынылған анкета арқылы жалпы асхана қызметіне көзқарасын анықтау.
Бір мезгіл ыстық тамақпен ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10-қосымшасын «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларына сәйкес аз қамтылған отбасынан шыққан 86 (сексен алты) білім алушы бір мезгіл тегін тамақпен қамтылған. Оның ішінде: АӘК алатын 73 оқушы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған 3 оқушы және алқалы орган шешімімен 15 оқушы. Жоғарыда айтылған 86 оқушы екі ауысымға бөлінген, бекітілген кестеге сай тамақтанады.
Мектеп бойынша білім алушылардың бір мезгіл тегін тамақпен қамту жұмысына жауапты маман директодың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғ.К.Аликулова мектепішілік 02.09.2022 №51 бұйрығы негізінде құрылған тамақтандырудың сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссия төрағасы- мектеп директоры Н.Конкабаев, мүшелері:директодың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғ.К.Аликулова, қамқоршылық кеңес мүшесі А.Джалпетекова, медицина қызметкері-М.Мавлюдова және әлеуметтік педагог А.Шашубаева бірнеше ата-аналармен бірлесіп асхана ішін аралап, онда жалпы асхана жұмысы, балалардың тамақтануы мен олардың санитарлық-гигиеналық ережені сақтауы, дайындалған ас мәзірінің сапасы, мөлшерінің нормаға сәйкестігімен таныстырды.
Сонымен қатар ата-аналарға дайындалған «Тағамға ата-аналардың көзқарасы» анкетасы арқылы мониторинг жасау үшін анкета таратылды.
Сауалнама орыс, қазақ тілінде алынып, жалпы 26 ата-ана жауап берді. Нәтижесінде ата-аналар тарапынан асхана қызметі мен тамақтың сапасына жақсы баға берілді.
Соңынан ата-аналар аспазшыларға алғыстарын білдірді.


Жауапты: әлеуметтік педагог-А.Шашубаева