№44 ЖОББМ бойынша бракераж комиссия отырысының Анықтамасы » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632)43-61-40
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » №44 ЖОББМ бойынша бракераж комиссия отырысының Анықтамасы
31
тамыз
2022

№44 ЖОББМ бойынша бракераж комиссия отырысының Анықтамасы

     2022-2023 оқу жылының 31 тамыз күні №44 жалпы орта білім беру мектебінің әдістемелік кабинетінде бракераж комиссия отырысы өтті.Отырыс мектеп директоры Н.Конкабаевтің кезекті жаңа оқу  жылының басталуымен құттықтау алғы сөзімен басталды.

    Биылғы оқу жылында білім алушылардың тамақтануын ұйымдастыруда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы  24 сәуірдегі №158 бұйрығының 10-қосымшасын «Жалпы білім беретін мектептердегі  білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекеленген санаттарын тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары,   Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 25 тамыздағы №36 қаулысының 2- қосымшасын басшылыққа ала отырып, 40 отбасынан 86 оқушы мектеп асханасында бір мезгіл тегін тамақпен қамтылады. Осы бір мезгіл берілген асханадағы ыстық тамақтың дұрыс ұйымдастырылуы мақсатында, асхана жұмысын бақылау мақсатында мектеп директорының 31.08.2022ж. №86 «Бракераж комиссиясын құру» туралы бұйрығы шығарылды. Бұйрық «Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың (бракераж комиссиялар) мониторингті жүзеге асыру бойынша ұсынымға сай төмендегі құрамда:

бракераж комиссия төрағасы мектеп директоры –Н.Конкабаев;

комиссия мүшелері: директордың оқу ісі жөніндегші орынбасары Ғ.Аликулова; медицина қызметкері М.Мавлюдова; қамқоршылық кеңес төрайымы А.Алиева; ата-аналар комитетінің төрайымы Ж.Кенжебаева, өндіірістік қызметкер С.Исмаилов бекітілді. Комиссия құрамы кемінде 7 адамды, оның ішінде осы мектептің ата-аналар қауымдастығының ішінен 3 адамды құрауы тиіс екені туралы айтылды.

  Комиссия адалдық, құзыреттілік, парасаттылық, ашықтық қағидаттарына сәйкес өз құзыретіне жатқызылған функцияларды орындайды. 

  Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ғ.Аликулова бракераж комиссиясының циклограммасымен таныстырып, комиссия жұмысының негізгі міндеттеріне тоқталды. 

Тоқсан сайын комиссия жұмысының қорытындысы білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінде қаралып, орта білім беру ұйымының интернет-ресурсында орналастырыла отырып, ақпарат түрінде рәсімделіп, қорытындысы жалпы ата-аналар жиналысында қаралатыны айтылды.
 
 

                                                     Шешімі:
 1.Ас мәзірінің дұрыс құрылуы мен нормаға сәйкестігі ,дайын тағамның калориясы үнемі қадағалансын.
 2.Комиссия отырысы әр тоқсанда бір рет өтіліп, қорытындысы педагогикалық кеңес отырысында  қаралсын.