«Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» мақсатында "Integrity Shop" адалдық
№44 ЖОББМ-де «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» мақсатында "Integrity Shop" адалдық дүкені ашылды. Мақсаты: білім алушыларды адалдыққа, адамгершілік құндылықтарын арттыруға. Осы орайда, мектебіміздің оқытушылары, оқушыларына түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, "Адал дүкенінің" ережелерімен таныстырды. Оқушылар барлық ережелерді сақтап, өзіне және өзгеге көмек беріп, қызмет жасап үйренді. Бойында адалдық, құрмет, адамгершілік қасиеттері дамып, оңтайлы нәтиже беріп жатқаны байқалды.