Ұрпаққа ұран болған ұлы есімдер » СШ №44 Плодосовхоз
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы
Меркі ауданы білім бөлімінің
"№44 орта мектебі"
отдела образования Кордайского района
Приемная
+7(72632)43-61-40
Бухгалтерия
+7(72636) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » » Ұрпаққа ұран болған ұлы есімдер
08
қараша
2022

Ұрпаққа ұран болған ұлы есімдер

       №44 жалпы орта білім беретін орта мектебінде «Ұрпаққа ұран болған ұлы есімдер» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігі айлығының ашылуына  байланысты әдеби-танымдық кеш өткізілді.

      Іс-шараның мақсаты: мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, шешендік өнерді, Қаз дауысты Қазыбек бидің шешендік мұраларын насихаттау,тілге шешен, ділмар сөз шеберлерінің шығармаларын насихаттау.

       Қаз дауысты Қазыбек бидің туғанына-355 жыл толуына орай «Қазыбек би-Ұлы Дала тұлғасы» тақырыбында қазақтың аса айбынды билерінің бірі – Қаз дауысты Қазыбек бидің тарихтағы орны мен шешендік сөздерінің шығу тарихына шолу жасалды.

        Мұхтар Әуезовтің туғанына- 125 жыл толуына байланысты өмірі,еңбектері жайлы ақпараттар, әдеби кітаптарды оқу туралы ұсыныстар берілді. «Әлем таныған Әуезов» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

        Шерхан Мұртазаның туғанына -90 жыл толуына орай Шерхан Мұртазаның шығармашылық қызметімен таныстыру, қазақ әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан танымал тұлғаның туындыларын оқуға ұсыныстар айтылды.