Тәуелсіздік жыр әнім
№ 44 ЖОББМ кітапханасында Қазақстан Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Тәуелсіздік жыр әнім» атты мәнерлеп оқу жарысы туралы
Анықтама
8.12.2021 жылы мектеп кітапханасында 7 сынып оқушылары арасында ақын – жазушылардың шығармаларын мәнерлеп оқу жарысы болып өтті.
Мақсаты: Қазақстанның тәуелсіздігі туралы танымын кеңейте отырып, балалардың бойына еліне,туған жеріне деген патриоттық сезімін қалыптастыру, оның қадір қасиетін ұғындыру. Оқушылардың оқу мәнерін меңгеру, дүниетанымын дамыту, өлең сөзге деген қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Жарысқа қатысушылар ақындардың өлеңдерінен бір шығарманы жатқа әрі мәнерлеп оқуға тиіс болды. Өлең оқыған оқушының жүріс - тұрысына, сахнадағы мәдениетіне, дауыс мәнері мен ырғағына назар аударылды. Ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу шеберлігі өте жоғары, сахнада өзін ұстау әдебі жақсы деп бағаланған оқушыларға әділ қазылар алқасы әділ бағасын берді. Ерекше көзге түскен 7 «Г» орыс сыныбының оқушысы Алиев Елнур,7 «Б» қазақ сыныбының оқушысы Есболат Ерболат бас бәйгені жеңіп алды. Айденов Саид, Адильханов Юсуф, 7 «А» сынып оқушысы Ахметбек Нурбота І орынға ие болды. ІІ орынға 7«Б» сынып оқушысы Асылбек Талшын лайық деп табылды. 7 «А» сынып оқушысы Бауржанқызы Жібек ІІІ орынды иеленді. Әділқазылар алқасы жеңімпаздарды мақтау қағаздарымен марапаттап, оларға сәттілік, өрлеу тіледі.

